Previous Page  76 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 200 Next Page
Page Background

76

Дін мен Діл-2

Басқа бір риуаятта:

«Кімде-кім парыз намаздарының

артынан аятул-курсиді оқитын болса, келесі намазға

дейін Алланың қорғауында болады»

108

делінген. Сондай-

ақ, басқа бір хадисте Ъуқба ибн Амр былай дейді:

«Алла

елші әрбір намаздан кейін «Фалақ» пен «Нас» сүрелерін

оқуымды бұйырды»

109

.

Жоғарыдағы риуаяттардан байқағанымыздай, намаз-

дан кейін зікір тартып, дұға тілеу Алла елшісінің (с.а.у.)

маңызды сүннеті. Ал оның дәл намаздың парызынан кейін

немесе соңғы сүннеттен соң жасалатындығына байланы-

сты мәзһаб ғұламалары арасында екі түрлі көзқарас бар.

Алла елшісінің (с.а.у.) зікір мен дұға жасауды білдірген

кейбір хадистеріндегі

«парыз намаздан кейін»

деген

сөзді негізге алған ханафиден өзге мәзһабтарда зікір

мен дұға парыз намаздан кейін дереу жасалады. Ал ха-

нафи мәзһабының ғұламалары

«Мүслимдегі»

Айша (р.а.)

анамыздан риуаят етілген:

«Алла елшісі (с.а.у.) намаз-

да сәлем бергеннен кейін (шамамен) тек «Аллаһумма

әнтас-салаам уа минкәс-сәлаам, тәбааракта иа зәл-

жәлаали уал-икраам»

дейтіндей уақыт қана отыратын»

деген хадисті, сондай-ақ сахихул-Бұхариде Умму Сәлама

(р.а.) анамыздан жеткен:

«Алла елшісі (с.а.у.) намазда

сәлем бергеннен кейін әйелдер тұрып кететін. Ал өзі

аз ғана кідірістен кейін ғана орнынан тұратын»

110

сын-

ды хадистерге қайшы келмеу жағын ескеріп, зікір мен

дұғаны дереу парыздан кейін емес, ақырғы сүннеттен

кейін жасау қажет деген тұжырымға тоқтаған. Себебі

108

Сүлейман ибн Ахмад ибн Айюб Әбул-Қасым әт-Табарани,

әл-Мұъжамул-кабир, 3-том, 83-бет. «Мәктабутуз-заһраа» баспасы,

1983 ж.

109

Ахмад ибн Ханбал Әбу Абдиллаһ әш-Шайбани, Муснаду Ахад ибн

Ханбал, 4-том, 155-бет. «Муссисату Қуртуба» баспасы, Мысыр.

110

Сахихул-Бұхари. 1-том, 296-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы»,

Бәйрут, 1987 ж.