Дін мен Діл-2
71
(бас бармақ пен ортаңғы саусақты) қосып, дөңгелек
пішінге келтірді. Одан кейін сұқ саусағын көтерді де
қимылдатып дұға ете бастағанын байқадым»
103
.
Біріншіден, Уайл ибн Хужрдан риуаят етілген бұл
хадистің
«қимылдататын еді»
деген жері
«Заайда»
яғни,
негізгі мәтінге қосылып айтылған. Себебі Уайл ибн Хужр-
дан риуаят етілген бұл хадисті оннан аса хадис ілімінің
хафыздары риуаят еткен кезде
«ишарат етеді»
деген
сөзбен ғана шектелген. Ешқайсысында
«қимылдататын
еді»
делінбеген. Ал хадис ілімінде белгілі бір хадис өзінен
де сенімді басқа хадистерге қарама қайшы келіп жатса,
онда ол хадис
«шәзз»
болып есептелінеді. Ал хадистің
сахих болуы үшін оның шәзз болмауы шарт. Бұған
қоса, Абдулла ибн Зубайрдан риуаят етілген сахих ха-
дисте саусақтың үздіксіз қимылдатылмайтындығы анық
білдірілген. Сондай-ақ, Мүслимдегі хадисте де саусақты
қимылдату мүлде айтылмаған. Хафыз Әбу Бәкір ибн Ху-
займа
«қимылдататын еді»
деген сөздің артық екендігін
анық айтады. Ол өзінің
«әс-Сахихында»
:
«Бұл риуаят-
тан басқа ешбір риуаятта (қимылдататын еді) дегені
айтылмаған. Осы риуаятта ғана артық айтылған»
104
.
Ал енді жоғарыдағы дәлел ретінде келтіріліп
отырған хадистегі
«саусағын қимылдататын еді»
деген
сөзді
«артық», «шәзз»
деп қабылдамағанның өзінде оны
Абдуллаһ ибн Зубайрдың
«үздіксіз қимылдатпайтын
еді»
деген хадисімен тігісін жатқызып, бір-біріне қарама-
қайшы болмайтындай етіп біріктіріп түсінуге болады.
Яғни,
«сұқ саусағын қимылдататын еді»
деген сөзден
103
Ахмед ибн Шаъб Абу Абдир-Рахман ән-Насаий, Сунану ән-
Насааийл-кубра, 1-том, 310-бет. «Дарул-кутубил-ъилмия» баспасы,
Бәйрут, 1994 ж.
104
Әбу Бәкір Ахмад ибнул-Хусайн ибн Али ибн Мұса әл-Бәйһақи,
әс-Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 131-бет. «Дәрул-Баз», Мекке,
1994 ж. 2-том, 131-бет.