Previous Page  62 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 200 Next Page
Page Background

62

Дін мен Діл-2

Ал енді сұрақта көтерілген намазда иықты иыққа,

тобықты тобыққа немесе аяқты аяққа тигізудің үкіміне

тоқталайық. Ең әуелі тобықты тобыққа тигізу Алла

елшісінің (с.а.у.) ешбір хадисінде тікелей талап етілмеген.

Алла елшісі (с.а.у.) тек саптың түзу әрі жинақы болуын,

арада бос орын қалмауын қадалаған. Ал арада бос орын

қалдырмау – міндетті түрде қатар тұрған адамдардың

иықтары мен аяқтары бір-біріне тиюі керек деген сөз

емес. Аяқтар бір-біріне тимесе де, иықтардың бір-біріне

жақын тұруы жеткілікі.

Кейбір кісілер сахаба Нұғман ибн Бәшир және Әнәс

ибн Мәликтен келген риуаятты негізге алып аяқтарының

арасын қатты ашуды сүннет деп ойлайды. Алайда атал-

мыш сахабалардың риуаяттарын талдаған уақытта бұл

пікірдің қате екеніне көз жеткіземіз. Ендеше аз-кем осы

риуаяттарға талдау жасап көрелік.

النعمان بن بشير:فقال(صلى الله عليه و سلم):اقيموا صفوفكم ثلاثا...

رأيت الرجل منا، يلزق كعبه بكعب صاحبه.

عن أنس، عن النبي (صلى الله عليه و سلم) «أقيموا صفوفكم، فإني

أراكم من وراء ظهري.» و كان أحدنا يلزق منكبه بمنكب صاحبه، و

قدمه بقدمه.

Сахаба Нұғман Пайғамбарымыз

«Саптарыңды

түзеңдер» деп үш рет айтты..»,

– дейді. Ал сахаба

Әнәстің хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Сапта-

рыңды түзеңдер, сөзсіз, мен сендерді артымнан да

көріп тұрмын»,

– деген

88

.

Бұл хадисті риуаят еткен соң сахаба Нұғман өз

сөзімен «

فلقد رايت الرجل منا

– Шындығында, біздің ара-

мыздан кей кісілер тобығын қатарластарының тобығына

88

Фатхуль Қадир Сахих Бұхари, 76-бап, №725 хадис.