55
Имамға ұйыған кісі де іштей сүре
оқи ма?
Имамға ұйыған кісі (муқтади),
«Сәнә», «тәшәһ-һуд»
сынды дұғаларды ғана іштей айтып,
«Фатиха»
және
қосымша сүрені оқымайды. Бұған Ханафи мәзһабынан
өзге мәзһаб ғалымдары да келіседі. Айталық, Абдуллаһ
ибн Уәһәб, Мәлики мәзһабы ғалымы Әшһәб және табиғин
Ибн Мусәйяб т.б.
74
. Ал бұл мәселе төменде келтірілген
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) асыл сөздерінде айтылған.
«Сахих Мүслимде»
риуаят етілген №577 хадисте
сахаба Саид ибн Сәбиттен имамның артында қосылып
қырағат ету жайында сұрағанда, ол:
سَأَلَ زَيْد بْن ثَابِت - رَضِيَ اهللَ عَنْهُ - عَنْ الْقِرَاءَة مَعَ الِْمَام فَقَالَ : الَ
قِرَاءَة مَعَ الِْمَام فِي شَيْء. رواه مسلم
«Еш жерде имамның артында қырағат ету деген
жоқ»,
– деп жауап берді
75
.
Сондай-ақ,
«Сахих Мүслимде»
Сахаба Имран ибн
Хусайн былай дейді:
عن عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ قَالَ صَلّى بِنَا رَسُولُ اهللِّ صَلّى اهللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ
صَالَةَ الظّهْرِ أَوْ الْعَصْرِ فَقَالَ أَيّكُمْ قَرَأَ خَلْفِي بِسَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ األَْعْلَى
فَقَالَ رَجُلٌ أَنَا وَلَمْ أُرِدْ بِهَا إِالّ الْخَيْرَ قَالَ قَدْ عَلِمْتُ أَنّ بَعْضَكُمْ
خَالَجَنِيهَا. رواه مسلم.
74
Бәдруддин Айни, Нухабүл-әфкәр – 4/88 бет.
75
Мүслим, №577 хадис.