Дін мен Діл-2
53
Байқағанымыздай, намазда қолды кіндіктің астына
байлаудың дұрыстығына қатысты шариғи нақты дәйектер
жеткілікті. Басқа мәзһабтарда бұл үкімді жарамсыз ететін
ешбір қуатты дәлел жоқ. Сондай-ақ бұл үкім ханафи
мәзһабында ғана емес, басқа мәзһабтарда да көзқарас,
фәтуа ретінде бар. Сондықтан қайсібір бауырларымыздың
намаздарын тып-тыныш оқып жүрген жамағат арасына
іріткі салып,
«қолды кіндіктің астына байлаудың негізі
жоқ немесе әлсіз»
деп асығыс
«фәтуа»
бергендері, әрине,
жөн емес.