Previous Page  51 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

51

حدثنا وكيع عن موسى بن عمير عن علقمة بن وائل بن حجر عن

أبيه قال : رأيت النبي صلى الله عليه وسلم وضع يمينه على شماله في

الصلاة تحت السرة

Уакиғ Муса ибн Ұмайрдан, ал ол Алқама ибн Уайл

ибн Хужрдан, ал ол әкесінен риуаят етті (Алла тағала

олардың бәрінен разы болсын!). Әкесі былай деді:

«Алла

елшісі оң қолын сол қолының үстіне қойып, кіндіктің

астына байлағанын көрдім»

68

.

Тирмизидің жинағына түсіндірме жазған шәйх

Әбут-Таййб:

«Бұл хадистің мәтіні де, жеткізу тізбегі

де дұрыс. Бұл хадис дәлелге жарайды»

69

деп, атал-

мыш хадистің дәрежесіне жақсы баға берген

70

. Хадистің

дәрежесі

«сахих»

.

68

Зафар Ахмад әл-Ъусманиют-Таһанауи, Иғлаус-сунан.1-2-том, 185-

бет. «Дарул-кутубул-ғилмия» баспасы, Байрут. 1997 ж.

69

Зафар Ахмад әл-Ъусманиют-Таһанауи, Иғлаус-сунан.1-2-том, 185-

бет. «Дарул-кутубул-ғилмия» баспасы, Байрут. 1997 ж.

70

Ибн Аби Шайбаның мусаннафында келген бұл хадистің дәрежесіне

ешбір хадис білгірі сын айтпаса да, кейінгі кейбір ғалымдар ондағы

«кіндіктің астына» деген сөздің хадисті көшіріп жазушының көзі

басқа жерге жаңылысып, қателікпен қосылып кетуі мүмкін екендігін

айтады. Себебі хадистің кей нұсқаларында «кіндіктің астына» де-

ген тіркестің жоқ екендігін алға тартады. Қараңыз: Мұхаммед

Шамсул-хақ ал-Ъазим Аабади, Ъаунул-Маъбуд, 2-том, 323-бет.

«Дарул-кутубил-ъилмия» баспасы, Бәйрут, 1995 ж. Алайда иғлаус-

сунанның авторы Зафар Ахмад: «Егер «кіндіктің астына» тіркесі

бір ғана нұсқада болғанда, онда көшірушінің көзі жаңылысып,

қателікпен қосып жіберген деген уәжбен келісуге болар еді. Бірақ

хадистің көптеген негізгі нұсқаларында «кіндіктің астына» деген

тіркес сақталғандығын ескерсек, бұл уәждің орынсыз екендігін

байқаймыз. Өйткені барлық көшірушінің көздері бірдей басқа жер-

ге жаңылысып қателікпен қосып жіберуі мүмкін емес қой» – деп

жауап қайтарған. Толығырақ мағлұмат үшін қараңыз: Зафар Ахмад

әл-Ъусманиют-Таһанауи, Иғлаус-сунан.1-2-том, 186-бет. «Дарул-

кутубул-ғилмия» баспасы, Байрут. 1997 ж.