

52
Дін мен Діл-2
ِحدثنا وَكِيعٌ عن رَبِيعٍ عن أبي مَعْشَرٍ عن إبْرَاهِيمَ قال يَضَعُ يَمِينَهُ على
شِمَالِهِ في الصّلاَةِ تَحْتَ السّرّة
Уакиғдан Рабиғ, ал Рабиғдан Әбу Мағшар, ал
ол Ибраһимнен риуаят етті. Ол былай деді:
«Ол
(пайғамбарымыз) намазда оң қолын сол қолының
үстіне кіндіктің астына қоятын»
71
. Хадистің дәрежесі
«хасан».
ِعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اهللُّ عَنْهُ قَال إِنّ مِنْ السّنّةِ فِي الصّالَةِ وَضْعُ األَْكُفِّ
عَلَى األَْكُفِّ تَحْتَ السّرّة
Алиден (р.а.) риуаят етілді:
«Қолды қолдың үстіне,
оны кіндіктің астына қою намаздың сүннетінен»
72
.
Ибн Қаййм өзінің
«Бадаиул-фауайд»
деген кітабында:
«Али (р.а.) былай деді:
«Қолды қолдың үстіне, оны
кіндіктің астына қою намаздың сүннетінен»
. Сондай-
ақ Амр ибн Мәліктен, ол Әбил-Жаузадан, ал ол Ибн Аб-
бастан да Алидің тәпсіріне (риуаятына) ұқсасы жеткен.
Бірақ дұрысы Алидың риуаяты
73
- деген. Шынтуайтында,
Алиден риуаят етілген бұл хадистің дәрежесіне қатысты
ғалымдар түрліше пікір білдірген. Алайда хадисті әлсіз
деп бағалағанның өзінде бұл хадистің басқа жолдармен
жеткен риуаяттары мен жоғарыда келтірілген қолды
кіндіктің астына қоюға қатысты келген өзге хасан, сахих
хадистердің барлығын топтастырып, жалпылай қарағанда
Алиден жеткен бұл риуаяттың дәлелге жарайтындай
қуаттана түсетіні анық.
71
Әбу Бәкір Абдиллаһ ибн Мұхаммед ибн Әби Шайба, Мусаннаф
ибн Әби Шайба, 1-том, 343-бет. «Мактабатур-рушд» баспасы, Рияд,
1409 ж.
72
Ахмад ибн Ханбал Әбу Абдиллаһ әш-Шайбани, Муснад Ахмад ибн
Ханбал, 1-том, 110-бет.
73
Мұхаммед ибн Әби Бәкір Әюуб әз-Заръи Әбу Абдиллаһ, Бәдайъул-
Фауаид, 3-том, 601-бет.