47
Намазда қолды кіндіктің астына
ұстауда Ханафилердің дәлелі әлсіз бе?
Ханафи мәзһабы бойынша намазда қолды кіндіктің
астына байлаймыз. Бірақ мәзһаб ұстанбайтын
кейбіреулер: «Ханафи мәзһабының бұған байланыс-
ты дәлелі әлсіз. Дұрысы қолды көкіректің үстіне қою.
Алла елшісінің (с.а.у.) намазда қолды көкірегінің үстіне
қойғандығын білдірген сахих хадис бар», - деп жүр. Шы-
нымен де, ханафидің дәлелі әлсіз бе? Ал олардың айтып
жүрген сахих хадисі қандай хадис?
Өкінішке қарай, бүгінде ханафи мәзһабын терең зерт-
теп, зерделеместен намаз бен дәреттің төңірегіндегі ұсақ
мәселелерді қайта-қайта қазбалап, ханафидің анауы әлсіз,
мынауы дәлелсіз деп шүйлігетін жастар пайда болып,
ел арасында іріткі салып жүр. Олар әлдебір ағымдардың
бірді-екілі кітаптарының орысша аудармасын оқып алып
немесе
«көсемдерінің»
айтқан уағыздарын тыңдай сала,
өздерін ғалым санап, өзгенің бәрін адасты дейтін шала
түсінікке ие.
Осы тұста ойға орынды сұрақ оралады. Ғасырлар
бойы небір білгір ғалымдар ұстанған ханафи мәзһабының
әлсіздігін сол аты әлемге мәшһүр ғұламалар емес, араб-
ша білмейтін, тіпті Құранды да дұрыс оқи алмайтын бұл
сауаты шала адамдар қалай ғана дәлелдеп отыр?! Рас,
олар дәлелдеп отыр. Бірақ нені дәлелдеп отыр? Қазақтың
«Дүмше молда дін бұзады»
немесе
«Атың шықпаса жер
өрте»
деген мақалының дұрыстығын дәлелдеп отыр.
Бірақ, әсте, ханафи мәзһабының негізсіздігі мен әлсіздігін
емес.