42
Дін мен Діл-2
«Абдуллаһ ибн Масғуд: «Мен сендерге Алла
елшісінің намазын оқып көрсетейін бе? – деп намаз
оқыды. Намазда екі қолын тек намаздың басында ғана
бір рет көтерді»
54
.
Бұл хадис сахих.
Имам әт-Тахауи өзінің
«Мағанил Әсәр»
атты хадис
жинағында Алқамадан сахаба Абдулланың мына риуая-
тын келтіреді:
حدثنا ابن أبي داود، قال: ثنا نعيم بن حماد، قال: ثنا وكيع، عن
سفيان، عن عاصم بن كليب، عن عبد الرحمن بن الأسود، عن
علقنة، عن عبد الله، عن النبي صلى الله عليه و سلم : «أنه كان يرفع
يديه في أول تكبيرة ثم لا يعود».
«Пайғамбарымыз (с.а.у)намаздатекәуелгітәкбірде
қолын көтеретін, кейін оны қайталамайтын»
55
.
Имам әт-Тахауиде келген тағы бір риуаятта:
عاصِمُ بْنُ كُلَيْبٍ , عَنْ أَبِيهِ أَنَ عَلِيًا رضي الله عنه كَانَ يَرْفَعُ يَدَيْهِ فِي
أَوَلِ تَكْبِيرَةٍ مِنْ الصَلاَةِ , ثُمَ لاَ يَرْفَعُ بَعْدُ
«Әзірет Әли намаздың әуелгі тәкбірінде екі қолын
көтеретін. Одан кейін көтермейтін»
56
,
– делінген.
Бұл хадисті риуаят еткен Абдулазиз ибн Әби Сәлмә
сенімді кісі. Ол кісінің риуаят еткен хадистері Бұхари мен
Мүслимде келген
57
.
Пайғамбарымыздың ең жақын сахабаларының
бірі хазірет Омар да (р.а.) намазда бір-ақ мәрте қолын
көтеретін. Оған Әсуәдтің мына сөзі дәлел:
54
Тирмизи сүнәні, «Пайғамбарымыз тек әуелгі тәкбірде қолын
көтерді» деген 191 баб – №257 хадис; Имам Ахмад мүснәді - №3551
хадис.; Нәсәи – 332 бет/649-хадис.
55
Тахауи, Шарху Мағанил Әсәр – 4/164 бет.
56
Тахауи, Шарху Мағанил Әсәр – 4/164 бет.
57
Айни, Нухаб: Шарху Мағаниль Әсәр – 4/179бет.