Previous Page  41 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 200 Next Page
Page Background

41

Ханафи мәзһабында қолды тек

алғашқы тәкбірде ғана көтереміз.

Кейбір кісілер бұған байланысты

ханафидің сахих дәлелі жоқ, дұрысы,

қолды рукуғқа барарда және рукуғтан

қайтқанда да көтеру керек деп жүр.

Осының

ақ-қарасын

ажыратып

берсеңіздер.

Ханафи және малики мәзһабтарында намазда қол

тек ифтитах тәкбірінде ғана көтеріледі. Рукуға барғанда

не одан қайтқанда қол қайта көтерілмейді. Бұл жайында

хадисші әрі фиқһ ғалымы Имам Мәлик (р.а.) былай дейді:

«Намазда әр тәкбір айтқанда қолды көтеру дегенді

білмеймін. Сәждеде болсын, рукуғта болсын. Қол тек

намаз бастағанда ғана аздап көтеріледі»

52

.

Имам Бұхаридың (р.а.)

«Қурратуль айнайн»

атты

шағын еңбегінде сахаба Бара ибн Азибтен (р.а.) риуаят

етілген мына бір хадис келтірілген:

عن البراء رضى الله تعالى عنه قال: « رَأَيْتُ النَبِيَ صَلَى اللهُ عَلَيْهِ

وَسَلَمَ: يَرْفَعُ يَدَيْهِ إِذَا كَبَرَ ثُمَ لَمْ يَرْفَعْ «رواه البخاري «

«Пайғамбарымыз намазда алғашқы тәкбір

айтқанда ғана қол көтеретін. Одантыс қол көтергенін

көрмедім»

53

.

قال عبد الله بن مسعود: أَالَ أُصَلِّي بِكُمْ صَالَةَ رَسُولِ اهللَِ صَلَى اهللَُ

عَلَيْهِ وَ سَلَمَ؟ فَصَلَى فَلَمْ يَرْفَعْ يَدَيْهِ إِالَ فِي أَوَلِ مَرَةٍ

52

Абдуль Уәһһаб әл-Бағдади, әт-Талқин фил фиқһи әл-Мәлики – 1/102

бет. У.Зухайли, Мәусуғатуль фиқһиль Исләми – 1/767 бет.

53

Имам Бұхари, Құрратуль айнайн, №34 хадис.