Дін мен Діл-2
37
дис еңбегінде сахаба Уәил ибн Хужрдың мына «сахих
хадисін» риуаят етеді:
عن وائل بن حجر، قال: «رأيتُ رسولَ الله (صلى الله عليه وسلم)
حِينَ يُكبّر لِلصّلاةِ يَرفَعُ يَدَيهِ حِيَالَ أُذُنَيهِ». رواه الطحاوي (طريقه
صحيح)
«МенПайғамбарымыздыңнамазғатәкбірайтқанда
екі қолын құлақ тұсына көтергенін көрдім»
43
.
Нәсәиде Абдужаббар ибн Уәил (р.а) әкесінен мына
хадисті риуаят етеді:
عن عبد الجبار بن وائل عن ابيه انه رأى النبي صلى الله عليه السلم
إِذَا افْتَتَحَ الصَالَةَ رَفَعَ يَدَيْهِ حَتَى تَكَادَ إِبْهَامَاهُ تُحَاذِي شَحْمَةَ أُذُنَيْهِ.
رواه النسائي (الحديث في نفسه صحيح)
«Әкесі Алла елшісінің (ифтитах) тәкбір келтірген
кезде екі қолын басбармағы құлақ сырғалығының тұ-
сына келетіндей етіп көтергенін көрген»
44
.
Бұл хадиске Нәсәи өзінің
«әс-Сүнәнүл-күбра»
атты
еңбегінде
«сахих»
яғни
«сенімді»
деп баға берген.
Сонымен қатар Имам Бұхаридың
«Құрратуль ай-
найн»
атты хадис кітапшасында сахаба Барра (р.а.) былай
дейді:
عن البراء رضى الله تعالى عنه قال:»كان النبي صلى الله عليه وسلم
يرفع يديه إذا كبر حذو أذنيه»
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәкбір айтқанда қолын
құлақ тұсына дейін көтеретін»
45
.
43
Имам Тахауи, Шарху Мағаниль-Әсәр, 3/512 бет. Әл-Айни шархы.
44
Нәсәи, Ифтитах, Тақырып:– 365 баб/958 хадис.; Әбу Дәуіт, №724
хадис. Хасан.
45
Имам Бұхари, Құрратуль айнайн, №34 хадис.