Дін мен Діл-2
39
сахабаларға келгенімде намазға бастарда (алғашқы
тәкбірде) қолдарын көкірек тұсына көтеріп жат-
ты. Олардың үстерінде (суықта киетін) күләпаралы
жамылғылары (капюшондыплащ)және қалың киімдері
бар еді»
48
.
Уәил ибн Хужрдың сөзіне қарағанда сахабалар күн
суық кезде, киімдерінің ішінен қолдарын құлаққа дейін
көтеру ыңғайсыз әрі тоңатын болғандықтан, көкірек
тұсына дейін ғана көтерумен шектелген. Ал күн жылы
кезде құлақ тұсына көтеретін. Демек, ең дұрысы қолды
құлақ тұсына көтеру.
Сондай-ақ қолды иық деңгейіне дейін көтеруге бай-
ланысты хадисті былай түсінуге де болады. Қолдарын
иық тұсына дейін көтерген кісінің саусақтары құлағының
сырғалық тұсына келеді. Яғни, қолдарының алақанын
иық тұсына көтерген кісінің саусақтары да құлақ тұсына
дейін көтерілген болады. Бұған мына хадис дәлел. Әбу
Дәуіт пен Байхақидың хадис жинағында мына риуаят
келген:
عن عبد الجبار بن وائل عن أبيه أَنّهُ أَبْصَرَ النّبِيّ صلى الله عليه وسلم
حِينَ قَامَ إِلَى الصّلاَةِ رَفَعَ يَدَيْهِ, حَتّى كَانَتَا بِحِيَالِ مَنْكِبَيْهِ, وَحَاذَى
بِإِبْهَامَيْهِ أُذُنَيْهِ ثُمّ كَبّرَ «. رواه البيهقي و أبو داود
«Абдужаббар ибн Уәйль әкесінің мына сөзін
жеткізеді. Әкесі былай дейді: «Пайғамбарымыз на-
мазға тұрғанда қолын иық тұсына, ал басбармағын
құлақ тұсына дейін көтерді де, «Аллаһу әкбәр», -
деді»
49
.
48
Әбу Дәуіт сүнәні – 728, 727-хадис. 2/49 бет.
49
әл-Бахақи – 2/38 бет. №2306-хадис; Әбу Дәуіт - №724-хадис.