38
Дін мен Діл-2
Тағы бір деректе әл-Хаким ән-Нисабури өзінің
«әл-
Мүстәдрак»
атты кітабында риуаят еткен хадисте сахаба
Әнәс (р.а.) былай дейді:
عن أنس قال: رَأَيْتُ رَسُولَ اهللَِ صَلَى اهللَُ عَلَيْهِ وَسَلَمَ كَبَرَ ، فَحَاذَى
بِإِبْهَامَيْهِ أُذُنَيْهِ...». رواه الحاكم. (إسناده صحيح، و لا أعرف له علة)
«Мен Пайғамбарымыздың тәкбір келтіргенде екі
басбармағын құлақ тұсына келтіргенін көрдім...»
46
.
Бұл хадис жайында аталмыш ғұлама былай дейді:
«Бұл Бұхари мен Мүслимнің хадис қабылдау өлшем-
деріне сай «сахих» жолмен келген. Ол хадистен ақау
көрмедім».
Осы тақырыпқа қатысты басқа да риуаяттарды ха-
дис кітаптарынан кездестіруге болады
47
. Ендеше, бұл
айтылғандар ифтитах тәкбірінде қолды құлақ тұсына
дейін көтеру Алла елшісінің сүннетінен екендігіне дәлел.
Ал тәкбір алғанда қолды көкірекке немесе иыққа
дейін көтеруді білдіретін хадистер жалпы жағдайды
білдірмейді. Бұған ханафи ғалымдары сахаба Уаил ибн
Хужрдың мына сөзін дәлел ретінде келтіреді. Әбу Дәуітте
риуаят етілген сахих хадисте Уаил ибн Хужр былай
дейді:
عن وائل بن حجر قال: « رَأَيْتُ النَبِيَ صَلَى اهللَُ عَلَيْهِ وَسَلَمَ حِينَ افْتَتَحَ
الصَلاةَ رَفَعَ يَدَيْهِ حِيَالَ أُذُنَيْهِ ، قَالَ : ثُمَ أَتَيْتُهُمْ فَرَأَيْتُهُمْ يَرْفَعُونَ أَيْدِيَهُمْ
إِلَى صُدُورِهِمْ وَعَلَيْهِمْ بَرَانِسُ وَأَكْسِيَةٌ «. رواه أبو داود. (صحيح)
«Мен Пайғамбарымызды ифтитах тәкбірінде
екі қолын құлақ тұсына көтергенін көргенмін. Кейін
46
әл-Хаким, Мустадрак – 1/349 бет, (149) № 822 хадис.
47
Табарани, «әл-Муғжамуль Кәбир»: 22/36 - № 85; Даруқутни: 1/292
№14; Әбу Дәуіт: 1/315 - №957.