Previous Page  36 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 200 Next Page
Page Background

36

Дін мен Діл-2

«Намаздың кілті – дәрет; Тахримі (намазға

бастағанда, одан тыс әрекеттерден тыйылу) –

«Аллаһу әкбар» деумен басталады; Намаз (екі жаққа)

сәлем берумен бітеді»,

– деген

38

. (Сахих)

2. Ифтитах тәкбірін айтарда, ер кісілерге екі қолын

басбармақтары құлақ сырғалығының тұсына келетіндей

көтеру – сүннет

39

. Бұны орындаудың ең жақсы жолы

басбармақты құлақ сырғалығына тигізу

40

. Бұған мына

төмендегі хадистер дәлел:

«Сахих Мүслимде»

риуаят етілген хадисте сахаба

Мәлик ибн әл-Хуәйрис былай дейді:

عن مالك بن الحويرث» أَنَ رَسُولَ اهللَِ صَلَى اهللَُ عَلَيْهِ وَسَلَمَ ، كَانَ إِذَا

كَبَرَ ، رَفَعَ يَدَيْهِ ، حَتَى يُحَاذِيَ بِهِمَا أُذُنَيْهِ...» . رواه مسلم

«Алла елшісі (с.а.у) (намазда) тәкбір айтқанда, екі

қолын құлағының тұсына дейін көтеретін....»

41

.

«Сахих Мүслимдегі»

тағы бір хадисте сахаба Қатада

Пайғамбарымыздың (тәкбір келтіргенін) көріп былай

деді:

عن قتادة بهاذا الاسناد أنه رأى نبيّ الله (صلى الله عليه وسلم) و قال:

« حتى يحاذي بهما فروع أذنيه». رواه مسلم

«Ол (қолын) құлағының жоғарғы тұсына

жететіндей етіп көтерді»

42

.

Әйгілі хадисші әрі фиқһ ғалымы Имам Әбу Жағфар

әт-Тахауи өзінің

«Шарху Мағаниль-әсәр»

атты ха-

38

Әбу Дәуіт, Салә, №618 хадис; Тирмизи өзінің сүнәнінде бұл х -

дисты Әбу Сағидтан келген хадистен әлдеқайда дұрысырақ (асаһ)

деген: Бабу: Сыффатус-салә, №238 хадис.

39

Марғинани, Хидая , Бабу Сыффатис-салә, 1/307 бет;

40

Мәйдани, Любаб, 1/67 бет.

41

Сахих Мүслим, Китабус-Сала – (391) – 25 хадис.

42

Сахих Мүслим, Китабус-Сала –(391) – 26-хадис. 183 бет.