Previous Page  31 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

31

«Алладан басқа тәңірдің жоқтығына әрі Мұхаммедтің

елші екендігіне куәлік етемін»

деген сөз емес пе?

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз елшілерін түрлі тайпалар

мен қауымдарды дінге шақыру үшін жібергенде, оларға

«Алланың бір және Мұхаммедтің елші екендігіне куәлік

келтіруге шақырыңдар»

дегені көптеген сахих хади-

стерде айтылған. Солардың ешбірінде «Алланың аспан-

да екендігіне куәлік етуге шақыруды әрі оны иманның

белгісі ретінде қабылдауды айтпаған.

Ал енді хадиске

«мұдтараб»

деген таңбаны баспай-

ақ, сахих хадис ретінде қабылдағанның өзінде ешбір ис-

лам ғұламасы бұл хадис арқылы

«Алла аспанды мекен

тұтады»

деген нәтижеге бармаған.

Имам ән-Нәуауидің жоғарыдағыМүслимдегі хадиске

қатысты түсіндірмесін келтірейік. Ол былай дейді:

Бұл хадис

«ахадисус-сифатқа»

(Алланың сипатына

қатысты хадистер) жатады. Мұндай мәселеге қатысты

екі көзқарас бар. Бұл екі көзқарас жайлы

«иман»

тара-

уында талай рет айтылды. Біріншісі, Алла тағалаға еш

нәрсенің ұқсамайтынын әрі Оның жаратылғандарға тән

ерекшеліктерден ада екеніне сене отырып, айтылған

сипаттың мағынасына кірместен жалпылай иман келтіру.

Ал екіншісі, Аллаға лайық келетін кейіпте жорамалдау.

Бұл көзқарастағылар былайдейді:

«Пайғамбарымыз «Алла

қайда?»

деуі арқылы оның бір Аллаға сеніп, сенбейтінін

анықтағысы келді. Яғни, барлық жаратылысты басқарып

әрі барлық істі істеп тұрған жаратушының жалғыз Алла

екендігіне, намаз оқығанда кісінің Қағбаға бет бұратыны

секілді, дұға жасаушының тілек тілегенде қолын аспанға

көтеру арқылы мінәжат жасалатын бір Аллаға сеніп,

сенбейтіндігін білгісі келді. Жүзді Қағбаға бұрған уақытта

Алланың Қағбаның ішінде болмайтыны секілді, қолды

аспанға жайған кезде де Ол аспанның ішінде болмайды.