Previous Page  26 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 200 Next Page
Page Background

26

Дін мен Діл-2

да, жаратылыс та, жалпы еш нәрсе жоқ кезде де бар

болатын. Алла барлық нәрсенің жаратушысы»

23

.

Абай Хакім бір өлеңінде Алланың мекенсіздігін

меңзеп былай деген:

«Мекен берген, халық қылған Ол Лә мәкан,

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың оны ойламай,

Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!»

24

.

Күллі исламғалымдарыАллатағаланың мекенсіздігін

бірауыздан білдірген.

Абдул-Қадир ибн Таһирит-тамими әл-Бағдади бұл

жайлы:

«Алланы мекен қамтымайтындығы әрі Оған

уақыт ұғымы жүрмейтіндігін Әһлус-сунна уал-жамағат

ғалымдары бірауыздан ижмағ еткен»

25

.

Ал енді күллі ислам ғұламалары Алланың

мекенсіздігінде бір сенімде болған болса, Мүслимдегі

хадисте күңнің:

«Алла аспанда»

деген жауабын ис-

лам білгірлері қалай түсінген? Қалай талдаған? Хадис

білгірлері хадистің дәрежесі жайлы не дейді?

Әуелі аталмыш хадистің мәтініне көз жүгіртіп

көрейік. Мүслимнің жинағында Мұғауия ибн әл-Хакам

әс-Сулламиден риуаят етілген ұзақ хадистің соңғы

жағында талқыланып отырған тақырыпқа қатысты бы-

лай делінеді:

«Менің бір күңім бар еді. Қойларымды

Ұхұд пен әл-Жаууаания таулары жақта жаятын. Бір

күні жайып жүрген қойларының біреуін қасқырдың

сүйреп бара жатқанын байқадым. Адам баласымын

ғой, ел секілді мен де ашуланып, қайғырамын. Әлгі

23

Ғб-61 бет

24

Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 153-бет. «Атамұра» баспасы,

2002 ж.

25

Абдул-Қадир ибн Тааһирит-тамиими әл-Бағдади, Ал-фарқ байнал-

фирақ, 1-том, 321-бет. Дарул-афақил-жадида» баспасы, 2-басылым,

Бәйрут, 1977 ж.