Previous Page  22 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 200 Next Page
Page Background

22

Дін мен Діл-2

жеткізуді яки бізден де жақсы түсіндіретін кісілермен

сұхбаттасуға жағдай тудыруды ұмытпауымыз керек.

Мүмкін дін насихатын жақсы кітап сыйлау арқылы

жеткізу ұтымды әрі әлдеқайда пайдалы болуы мүмкін.

Көбіне жасы үлкендеу, қоғамда өзіндік орны бар,

жеке пайымы қалыптасқан адам діннен мүлде хабары

жоқ болса да, сенің дін жайында айтқан әңгіме, уағызыңа

атүсті, кейде мұрын шүйіре

«мен де білемін»

деген

кейіпте қарауы мүмкін. Сондықтан уағыз айтқанда әр

адамның жеке жағдайы мен табиғатына, білім деңгейі

мен қоғамдағы орнына сай ыңғайлы тәсілді таңдай білу

насихаттың оң әсерін арттыру тұрғысынан өте маңызды.

Әрбіріміз қайсаладаболсақтаөз ісіміздіңшебері, май-

талман маманы бола білсек, білімімізді әрдайым шыңдап,

бойымызды барша адами қасиеттермен безендіре білсек,

мұны байқаған айналамыздағы адамдар жетістігіміздің

астарын ұстанып отырған дінімізден іздейтіні сөзсіз.

Өз ісін тыңғылықты атқаратын, жығылғанға сүйеу,

қиналғанға қамқор, айналасына мейірбан бола білген

мұндай жанның айтар қарапайым сөзінің өзі айналаға

әсерлі уағыз, қалыпты іс-әрекетінің өзі ғибратқа айнала-

ды.