Дін мен Діл-2
21
адамдарымыз ертең бізден де тақуа, бізден де Аллаға
жағымды адам болуы әбден мүмкін екенін ескеру керек.
Бірде ардақты пайғамбарымыздың жанына бір бәдәуи
келіп:
«Уа, Мұхаммед! Маған жақсылық жаса, жәрдем
бер» деп дүние сұрайды. Алла елшісі сол сәтте әлгіге
жанындағы бар дүниесін береді. Бәдәуи азырқанған
кейіп танытып: «Сен маған түк те жақсылық
жасамадың»,
- дейді. Бәдауидің бұл дөрекілігіне сол
жердегі сахабалар ренжігенде, Алла елшісі бәрін сабырға
шақырады. Сосын әлгі кісіні ертіп үйіне барады да, тағы да
бір нәрселерді қолына ұстатып,
«Енді риза бол!»
- дейді.
Бәдәуи ризашылығын білдіріп, алғысын айтады. Сонда
Алла елшісі (с.а.у.) бәдәуиге:
«Әлгінде айтқан сөздеріңе
сахабаларым ренжіді. Осы ризашылығыңды солардың
алдына барып тағы да білдірсең», -
дейді. Бәдәуи
сахабалардың алдына барып тағы бір рет Алла расулына
(с.а.у.) ризашылығын білдіреді. Бәдәуи кеткеннен кейін
адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.) сахабаларына
былай дейді:
«Сендермен мен және үмбетімнің мысалы
мынаған ұқсайды. Бір кісінің аты қашажөнеледі. Мұны
көргендер әлгі кісіге көмектеспек ниетпен атын ұстап
беруге ұмтылып, артынан қуады. Ал ат одан бетер
үркіп қаша түседі. Сонда аттың иесі әлгілерге: «Уа,
жарандар! көмектеріңе рахмет. Атты үркітпей, бы-
лай тұрыңдар» деп етегіне жем салып, құрау-құраулап,
атын өзіне мәлім әдіспен ақырын барып ұстап алады.
Міне, сендер мен мен және үмбетімнің мысалы дәл
осыған ұқсайды. әлгі бәдәуиге ренжіп, ашуландыңдар.
Егер мен сендерге ергенде, бәдәуи наразы күйде кетіп,
исламнан мақұрым қалар еді», - дейді».
Ендеше, сөзден бұрын үлгілі ісіміз, салиқалы ама-
лымыз жүруі керек. Әрине, оңтайлы сәттерді пайдала-
нып, тіліміздің жеткенінше дініміздің құндылықтарын