Previous Page  16 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 200 Next Page
Page Background

16

Дін мен Діл-2

Тіпті Аллаға сенбейтін адамдарға жақсылық

жасауға дініміз тыйым салмайды. Керісінше олардың

өзіне әділдікпен қарым-қатынас жасауға шақырады.

«Мұмтахина»

сүресінде былай делінеді:

«Дін турасында

сендермен соғыспаған әрі сендерді өз отандарыңнан

қумаған адамдарға жақсылық жасауларыңа және

оларға әділетті болуларыңа Алла тағала қарсы емес.

Өйткені Алла тағала әділеттілік жасағандарды жақсы

көреді»

15

.

Кісінің намаз оқымағандығы яки қандай да бір басқа

ауыр күнәні жасауы оны діннен шығарып, кәпір қатарына

қоспайды. Мәселен, мына бір оқиғаға қарап көрейік.

Бұхаридың риуаятында арақ ішкен бір кісіні жазалау

үшін Алла елшісінің (с.а.у.) алдына алып келгендігі айты-

лады. Сонда сол жердегі бір кісі

«Қарғыс атқыр, осы-ақ

осы әдетін қоймайды екен», - деп қалады. Мұны естіген

Алла елшісі (с.а.у.): «Оған лағынет айтпа, ол Алланы

және елшісін жақсы көреді»

16

деп араша түседі.

Иә, ол сахаба арақ ішкен әдетін әлі қоя алмаса да,

Аллаға және оның әз елшісіне иман келтірген әрі іштей

жақсы көретін шынайы мұсылман-ды. Оған қарғыс айту

«жығылғанға жұдырық» болар еді. Алла елшісі оған

да араша түсіп, аяққа тұрып кетуі үшін мейірім қолын

созды. Бәлкім ол сахаба одан кейінгі өмірінде түгелдей

тақуалыққа бет бұрып, нашар әдетін тастаған болар. Ол

жағы бізге беймәлім. Бір білетініміз, Алла елшісінің ау-

зынан оған қарата айтылған

«Алланы әрі оның елшісін

жақсы көреді»

деген сүйінші сөзі еді.

Бұхари мен Мүслим және басқа да хадис

жинақтарында тағы да мынандай оқиғаға куә боламыз.

15

«Мүмтахина» сүресі, 7-аят.

16

Сахихул-Бұхари. 1-том, 137-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы»,

Бәйрут, 1987 ж.