18
Дін мен Діл-2
Айналасындағыларды жаппай кәпір санап жүрген-
дер «Лә иләһа иллаллаһ» сөзінің қадіріне жетіп, оны
бағаламаса да, Алла елшісі бұл сөздің кісіні түбі жұмаққа
кіргізетіндігін
«Кімде-кім Алладан басқа тәңірдің
жоқтығына иман келтірсе, жұмаққа кіреді»
деп
сүйіншілемеп пе еді?
Ұсама ибн Зәйд сахабаның басынан өткен мына бір
оқиға
«Лә иләһа иллаллаһ»
сөзінің салмағын көрсетеді.
Ұсама ибн Зәйд (р.а.) қиян-кескі соғыста жаудың бір
әскеріне енді қылышын көтеріп, басыншабуға ұмтылғанда
әлгі кісі
«Лә иләһа иллаллаһ»
деп қалады. Ұсама оның
бұл сөзін қорыққандағы айласы деп ұққандықтан, әлгіні
сол мезет өлтіреді. Кейіннен оқиға баяндалғанда, Алла
елшісі (с.а.у.) қатты кейіп Ұсамаға
«Алла деген бір адам-
ды өлтірдің бе?»
– дейді. Ұсама:
«Ол оны қорыққан-
нан айтты» – дегенде, Пайғамбарымыз: «Оның
қорыққаннан яки шын ниетімен айтқанын сен қайдан
білдің, жүрегін жарып көрдің бе?! Ертең ақыретте
«Лә иләһа иллаллаһ» сөзі жағаңа жабысса жағдайың
нешік?» деп қатты кейіс білдіреді. Бұл сөзін бірнеше
рет қайталағаны соншалық, Ұсама ибн Зәйт «Қап, осы
оқиғаны басымнан өткізбегенімде ғой. Осы сәтке дейін
мұсылман болмай тұра тұрғаным әлдеқайда артық па
еді?!»
деп өмір бойы қатты өкінеді .
Иә, тіпті соғыс сәтінде дұшпанның айтқан күмәнді
«Лә иләһа иллаллаһ»
сөзінің мұншалық салмағы бол-
са, шынайы айтылған бұл сөзді елемей, ата-анаң мен
айналаңдағыларды кәпір санаудың күнәсін өзіңіз
салмақтап көріңіз.
Ендеше, айналамыздағыларға
«кәпір»
деп кінә
таққаннан гөрі әрдайым оларға дін шындығын қалай
жеткізсек деген уайым көкейімізде тұруға тиіс.