Previous Page  13 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 200 Next Page
Page Background

13

Намаз

оқымайтын

ата-ананың

әзірлеген асын ішпеу керек пе?

Намаз оқымайтын, діннен алыстау әке-шешелерінен

безіп, олармен қатынастарын үзіп жатқан жастарды естіп

жатамыз. Тіпті намаз оқымайтын шешесінің жасаған асын

«кәпірдің тамағы»

деп жеуден бас тартатын көрінеді.

Сұрайын дегенім, дінге бет бұрған бұл жастар неліктен

мұндай қателікке ұрынуда? Олар неге дін насихатында

мұншалық қатал?Жоқ әлдешынымендешариғатжүктеген

парыздарға салғырт қарайтын, тіпті тыйған күнәларды

жасап жүргеннің бәрі дініміздің үкімі бойынша

«кәпір»

ме? Дін насихатының нәтижелі болуы үшін қандай тәсілді

таңдаған дұрыс?

Сіз сұрақта айтыпотырғанәрекеттеркөбіне

«тәкфир»

жамағатының уағызына уланған жандарда кездеседі. Со-

нымен қатар кейде жүрегі иманға жаңа оянған, діни білімі

таяз әлдекімдер осыған ұқсас қате әрекеттерге жол беріп

жатады. Кісіге осындай кезде дұрыс бағыт берілмесе, бара-

бара жүрегі қатайып, қатігез мінезге ұрынады. Мұндай

адамға өзінің айтқан уағызын жылы қабылдамаған

айналасындағылардың бәрі дұшпан болып көріне ба-

стайды. Әуелі жанұясымен сыйыспай, кейіннен жора-

жолдастарынан айырылып, артынан туысқандарынан

суи бастайды. Сөйтіп өзі өмір сүрген қоғамнан түбегейлі

жиреніп, тек өз-өзімен шектеледі де, аяғында тарығып,

тығырыққа тірелгенде діннен безіп кетуі де мүмкін. Алла

елшісі (с.а.у.) бір хадисінде:

«Шын мәнінде, дін – жеңіл.

Кімде-кім дінде қатты кетіп, шектен шығатын болса,

діннің толық талабын орындай алмай оған жеңіледі»,

– деп ескерткен.