10
Дін мен Діл-2
Сондай-ақ бұл хадисті былай да түсінуге жол ашық.
Намаздың парыздығын біле тұра жалқауланып тәрк
қылған адам күпірлікке қарай алғашқы қадамын басқан
болады. Хадисте
«Намаз – діннің тірегі»
делінген. На-
мазды жалқауланып тәрк қылуға дағдыланған адам бара-
бара басқа да парыздарды тастауға бейім тұрады. Себебі ең
ұлы парызды тастаған адамға діннің басқа да міндеттеріне
салғырт қарап, оларды басы бүтін тәрк қылу әлдеқайда
оңай. Кейіннен бұл ісі оны күпірлікке әкеп соқтыруы
мүмкін. Олай дейтініміз, әрбір күнәда күпірлікке апа-
рар жол болады. Кісінің жүрегі күнә арқылы қарая ба-
стайды. Жүрегіндегі осы дақ тәуба етпеген сайын ұлғая
береді. Ақырында тәубе ету қиынға соғып, кісі күпірлікке
құлдилайды. Ғұмыр бойы қаза еткен намазын өтеуге
ерінеді, тәубе етуге қажыр-қайраты да жетпейді.
Ондай адамға ғұмыр бойы оқымаған намаздары үшін
тәубе етіп, қазасын өтегеннен гөрі санасында намаздың
парыздығын, тіпті ақыретте азапқа түспес үшін тозақты
да мойындамай, күпірлікті таңдауы оңайырақ көрінбек.
Мысалы, бухгалтерлік қызметте отырып ұрлық жасаған
немесе есебін дұрыс толтырмаған адам кейде комиссия
алдында күнәсын жабу үшін құжаттар тұрған бөлмені
өртеп жіберетіні тәрізді намазына немқұрайлы қараған
адам үшін де тәубе етіп, кінәсін мойындағаннан гөрі
жүрегіндегі әлсіз иманын жағып жіберіп, тозақты мойын-
дамау арқылы күпірлікке құлдилаған әлдеқайда нәпсісіне
жеңіл әрі оңай боп сезілуі мүмкін.
Міне, пайғамбарымыз намазды тәрк етудің жеткізер
жерін көрсету үшін
«Кісі мен ширктің, күпірліктің
арасындағы перде – намаз»
деп әдейі осындай ауыр
ескертуін жасаған. Әйтпесе, Аллаға иман келтірген,
құлшылықтың парыздығына шынайы сенген адамдар
да намазды жалқаулықтан, т.б себептермен тәрк етуі