Previous Page  7 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 200 Next Page
Page Background

7

Намаз оқымайтын адам кәпір ме?

Намаздың исламдағы орнын айта кетсеңіз.

Кейбіреулер

«Кәпір мен мүминнің арасындағы перде

– намаз»

деген хадиске сүйеніп, намаз оқымайтын адам-

дарды кәпір санап жүр. Бұл қаншалық дұрыс?

Бес уақыт намаз балиғат жасына жеткен, ақыл-

есі бүтін барлық мұсылманға парыз. Оның парыздығы

Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған.

Құранның көптеген аяттарында:

«Намаз оқыңдар және

зекет беріңдер»

– деп намаздың өте маңызды парыз екен-

дігі білдірілген. Олардың кейбірі мыналар:

«Барлық на-

маздарды және орта намазды сақтаңдар»

1

. «Расында,

намаз белгіленген арнайы уақыттарда парыз етілді»

2

.

«Алайда олар барлық бұрыс діндерден бойын аулақ

ұстап, шынайы түрде Аллаһқа құлшылық етуден,

намазды тұп-тура оқудан және зекет беруден өзге

нәрсеге әмір етілмеген болатын»

3

. «Намазды толық

оқыңдар...»

4

.

Ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген бір хадисте Пай-

ғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Ислам бес нәрседен

тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне және Мұ-

хаммед Аллаһтың елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу,

зекет беру, шамасы келсе қажылыққа бару және Рама-

зан оразасын ұстау»

5

.

1

«Бақара» сүресі, 2/238.

2

«Ниса» сүресі, 4/103.

3

«Бәйина» сүресі, 98/5.

4

«Хаж» сүресі, 22/78.

5

Бұхари, Иман, 1,2; Мүслим, Иман, 19-22.