Previous Page  3 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 200 Next Page
Page Background

3

Алғы сөз

Дін адамзаттың екі дүниеде де бақытты болуына жол

көрсететін Жаратушы тарапынан жер бетіне пайғамбар-

лар арқылы жіберілген ереже-қағидаттардың жиынтығы.

Алайда діннің қайнар көздері саналатын Құран мен

пайғамбар хадистерінің мазмұны терең, астары қатпарлы

нәзік дүние болғандықтан, оны кез-келген кісінің қандай

да бір ереже-қағидаға, белгілі бір әдіснамаға сүйенбестен

өз бетінше түсініп, тәпсірлеуінежолжоқ. Сондықтан сонау

сахабалар дәуірінен бастап бұқара халық діни мәселелер-

дің үкімін білу үшін өз іштеріндегі білгір ғалымдарға

жүгінген. Осылай істеу арқылы олар қоғамды хаустан,

анархиядан, діни дүрдараздықтан аман алып қалған.

Дін білгірлері қажет кезде қоғамда бас көтере бастаған

түрлі ағымдардың қателіктері мен адасушылықтарын

әшкерелеу арқылы иләһи дінің сафтығын сақтай білген.

Бұл үрдіс ғасырдан ғасырға ханафи, мәлики, шафи-

ғи, ханбали сынды құқықтық мәзһабтар мен мәтуруди,

ашғари секілді қалыптасқан ақида мектептері күйінде

жалғасып отырды.

Дінді халыққа дұрыс түсіндіретін сол ғалымдар

тізбегі кеңес кезеңінің салқын саясатының салдарынан

елімізде үзіліп қалды. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары

руханиятқа шөліркеген халыққа дінді дұрыс түсіндіріп,

бағыт-бағдар беретін ғұламалар жоқ дейтіндей аз еді.

Соның салдарынан қоғамда дін мәселесі күннен күнге

өткір мәселеге айналып, діни дүрдараздықтар бой көрсете

бастады. Мұның зардабын әлі де тартып отырмыз.