Дін мен Діл-2
5
дәстүрлі діннің өкілдеріне үлкен жауапкершілік артып,
белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін
сездіруде. Кітаптағы «Намаз оқымаған адам кәпір ме?»,
«Намаз оқымайтын адамның асын ішуге бола ма?» тәрізді
сауалдар осындай күрделі діни ахуалдан туып отырған
жағдай.
Қазіргі уақытта жамағат арасында намаз оқуда да
айтарлықтай алшақтықтар орын алып бара жатқаны жа-
сырын емес. Біреулер қиямда көзге ерсі көрінетіндей
мөлшерде талтайып тұрып, отырғанда сұқ саусағын қайта-
қайта үздіксіз қимылдатып, парыздан кейін жамағатпен
дұға жасауға қарсы шығу секілді тосын іс-қимылдарымен
көпшіліктің көкейінде жаңаша сауалдардың туындауы-
на себеп болуда. «Жұма намазының алдындағы сүннет
оқу дұрыс па?», «Имамға ұйыған кісі іштей сүре оқи
ма?», «Үтір намаз өзі неше рәкағат?» деген де сұрақтар
таласқа айналып келеді. Әйел кісілердің намаз оқудағы
ерекшеліктерін атап көрсету де өзектілік танытып отыр.
Осы жайттардың барлығы да кітапта орынды көтеріле
отырып, көпшілікке әрбірін жеке-жеке талдап, тұщымды
жауаптары берілген.
Иә, дінді дұрыс түсіндіру қай кезде де өзектілігін
жоймайтын іс. Өйткені дінді дұрыс түсіну елді бірлік
пен ауызбіршілікке шақырса, ал дінді дұрыс түсіне ал-
мау түрлі араздықтар мен керітартпалықтарға жол ашуда.
Осы орайда халыққа ақ пен қараны ажыратып, шариғат
шеңберінде кейбір нәзік мәселелердің қалай шешім таба-
тынын көрсету кезек күттірмейтін мәселе.
Кітаптың екінші томына алынған тың тақырыптар
қатарында сопылық, тасаууф мәселесі де бар екенін айта
кету керек. Жасыратыны жоқ, елімізде орын алған кейбір
жағдайларға байланысты халық арасында сопылық
ұғымына үрке қараушылық қалыптасты. Сопылық дінде
жоқ деп асығыс баға бергендер де табылды. Автор бұл