Previous Page  4 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 200 Next Page
Page Background

4

Дін мен Діл-2

Бірақ түннен кейін күндіздің болары ақиқат. Аллаға

шүкір, бүгінде өз ішімізден ғалым-ғұламалар, дін

білгірлері жетіліп келеді. Солардың бірі белгілі ғалым

Қайрат Жолдыбайұлы.

Қайрат Жолдыбайұлы «Ақиқат шуағы», «Күдікпен

күрес», «Ислам ғылымхалы», «Имани гүл», «Дін мен

діл» еңбектері арқылы өздеріңізге жақсы таныс. Енді

міне автордың «Дін мен діл» кітабының екінші томы

өздеріңізге жол тартып отыр.

«

Дін

– адамға екі дүние де дұрыс өмір сүрудің,

Хақтың разылығына бастайтын ереже, қағидаларын толық

қамтыған иләһи бұйрықтар мен тыйымдар жиынтығын

құраса,

діл

– халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан

дүниетанымы мен салт-дәстүрін, менталитеті мен әдет-

ғұрыптарын, тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері мен

өзіндік ойлау жүйесін, жан дүниесін, адамдардың белгілі

бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада

қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттердің біркелкі

сипатын білдіреді» деп түсініктеме беріліпті кітаптың

бірінші томында.

Иә, «Дін мен ділдің» қоғам талабынан туған еңбек

екенін, көкейтесті діни мәселенің шешімін таппай әрі-

сәрі күй кешкен талай жандарға дер кезінде көмек

болғанын айта кеткен жөн. Кітаптың алғашқы томы

мешіт имамдарына да көмекші құрал болды, оқырманның

сүйікті кітабына айналды. Себебі, бүгінгі қоғамда діннің

адамгершілік-өнегелілік құндылықтарын былай ысы-

рып, дінді талас-тартысқа айналдырып жүргендер де жоқ

емес. Дін мен дәстүрден туатын да біршама мәселелер

баршылық. Еліміздің батыс өңірлерінде «тәкфир»

жамағатына ерген жастар намаз оқымағандарды кәпір са-

нап, сеператистік әрекеттерге жол беруде. Бұрын-соңды

мұндайды көрмеген жұрт шошынып, соның әсерінен

дінге қырын қарау құбылыстары белең алуда. Бұл жағдай