6
Дін мен Діл-2
кітапта сопылыққа қатысты кейбір маңызды ұғымдарды
ашып түсіндіруді қажет деп білген. Сопылық жолдың
шариғи дәлелдері мен оның негізгі ұстындары мен тәрбие
тәсілдеріне тоқталады. Бұдан бөлек, кейбір күрделі ақида
мәселелеріне, сондай-ақ көп әйел алу, жиһад ұғымы, ора-
мал тағу, «QuestNet» желілік маркетингімен айналысудың
үкімі секілді әлеуметтік-қоғамдық маңызы бар мәселелер
де сырт қалмаған.
Автор тақырыптарды мұқият іріктеп, көп іздене
отырып «Дін мен діл» еңбегін жазудағы мақсатының
жастарға діннің тармақ мәселелерінде белгілі бір көзқарас
үшін ағынға қарсы жүзбей, елдің ынтымағы мен бірлігін
басты назарда ұстап, бүлікке жол бермеуі екенін, ислам
діні енді-енді қарқындап дамып келе жатқанда, таным
таяздығы мен сана саяздығынан оған кесір тигізіп алмауға
абай болу екенін атап көрсетеді.
Қорыта келгенде, кітапқазіргі қоғамда талас тудырған
өзекті діни мәселелерді тап басып, соларға Құран мен ха-
дистен, сахабалардан, беделді мұсылман ғалымдарының
пікірлерінен дәлелді дәйектер келтіруімен, қарсы
тараптың алға тартар уәждерін ескеріп, көңілге қонымды,
ұтқыр жауаптар беруімен құнды деуге болады.
Авторға ел игіліне жарайтын әлі де көп еңбектер жаза
беруіне тілектестігімізді білдіреміз!
Аширбек Муминов
т.ғ.д. профессор, Л.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университеті, дінтану
кафедрасының меңгерушісі, арабтанушы-ғалым