Previous Page  11 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

11

мүмкін. Қалай болғанда да бұл хадисті негізге алып,

айналамыздағы намаз оқымағандарды жаппай кәпірге

шығаруға болмайды. Бұлай жасау аса қауіпті. Алла елшісі

(с.а.у.):

«Кімде-кім бауырына: «Ей, Кәпір!» десе, егер ол

адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның

өзі кәпір болады»

– деп ескерткен.

Дінімізде намаз оқымаған адам бірден кәпір болады,

сөзсіз тозаққа барады деп кесіп айтқан үкім жоқ. Әрине,

намазға салғырт қарап, жалқауланып тәрк ету кісіні

тозаққа лайық ететін ауыр күнә. Алайда ондай адамға

жазасын беріп азаптайтын да, күнәсін кешіріп басқаша

үкім беру де Алланың құзырындағы іс. Бұл жайлы Алла

елшісі (с.а.у.) Ъубадату ибн Самит риуаят еткен хадисте

былай дейді:

«Алла тағала құлдарына бес уақыт на-

мазды парыз етті. Кімде-кім намаздың қадір-қасиетін

кемсітпестен, ешбірін қаза етпей, толық орындай-

тын болса, Алланың оны жұмаққа кіргізуге уәдесі бар.

Ал оны орындамаған адамға Алланың ондай уәдесі жоқ.

Қаласа оны азаптайды, қаласа жұмағына кіргізеді»

14

.

14

Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 8-бет. «Дарул-Баз» баспасы, Мекке

қаласы, 1994 ж.