Previous Page  14 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 200 Next Page
Page Background

14

Дін мен Діл-2

Ең әуелі адамдардың жүрегіне иман нұрын құятын

жалғыз Алла екенін ұмытпағанымыз абзал. Біздікі бар

болғаны себепкер болу. Асықпау қажет. Біз дінге бет

бұрмаған айналамыздағылардың бәрін

«кәпір»

десек,

олар осыдан кейін мұсылмандықты, исламды жақсы көруі

мүмкін бе? Тіпті, жақсы көруі былай тұрсын өзімізге

шаптығып, дұшпанға айналады. Ал дұшпанға айналған

адамға дінді қалай түсіндірмекпіз?!

Алла елшісінің (с.а.у.) өміріне бір мезет үңіліп

көрелікші. Өзіне қиын сәттерде ұдайы қамқор болған

немере ағасына ислам дінінің ақиқатын, өзінің шынайы

пайғамбар екенін айтқанда, оны бірден қабылдай кетті ме?

Әрине, жоқ. Ал Алла елшісі оның осынау күпір жауабын

естігеннен кейін

«сен кәпірсің»

деп оған қатал түрде қарсы

шықты ма? Қиын кезеңде өзіне жасаған жақсылықтарын

жиыстырып қойып, ұлғайған жасын да сыйламастан

үйінен безіп, қатынасын мүлде үзді ме? Әрине, жоқ.

Керісінше, Әбу Талибқа бұрынғы құрметінен артық ізет

көрсетпесе, кем көрсеткен жоқ. Алла елшісінің басқаша

әрекет етуі де мүмкін емес еді. Өйткені ол Рахман иеміз

тарапынан күллі ғалам үшін рақым етіп жіберілген рақым

пайғамбары еді. Ол адамзатты

«кәпірге»

санап, тозаққа

топырлату үшін емес, мейірім қанатын жайып, жұмаққа

кіргізу үшін келген-ді. Сегіз жылдан кейін Әбу Талип жан

тәсілім етер сәтте Алла елшісі тағы да:

«Уа, көкешім, «Лә

иләһа иллаллаһ»

деші, мен саған ақыретте шапағатшы

болайын» деп жалынғаны көп нәрсені көкейімізге сала-

ды.

Иә, Алла елшісінің (с.а.у.) адамзатты жақсылыққа

бастау жолында көрсеткен мейірім толы өнегесін айтып

тауысу әсте мүмкін емес.

Мұсылмандарға қарсы соғыста мүшрік әскерлерінің

қолбасшысы болған әрі мұсылмандарға үлкен соққы бер-