Previous Page  17 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

17

Алла елшісі (с.а.у.):

«(Сендерден бұрынғы бір қауымда)

күнәсі көп бір кісі бар еді. Әлгі кісі өлер алдында бала-

ларына былай деп өсиет қалдырды: «Мен өлген соң,

мәйітімді өртеңдер. Сүйегімнің күлін боранға және

теңізгешашыңдар. Антетейін, егер Алла менің денемді

құраса, қатты азаптай ма деп қорқамын»

дейді. Ба-

лалары айтқанын орындайды. Қайта тірілту басталғанда

Алла тағала жерге:

«Денесінен не алсаң, соны алып

кел» деп бұйырғаны сол екен дереу әлгі адамның тәні

жиналып тұра қалды. Алла тағала оған: «Сенің бұлай

өзіңді өртетіп, күліңді шаштыруыңа не итермеледі?»

дейді. Сонда әлгі кісі: «Саған деген қорқыныш» деп

жауап береді. Алла тағала осыған бола оны кешірді»

17

.

Бұл оқиғадан ұққанымыз Алланың құлдарына деген

рақымының кеңдігі.

«Егер Алла менің денемді қайта жинай алса, онда

мені ешкімді азаптамаған азаппен азаптайды»

деп

Алланың денесін қайта жинай алатын шексіз құдіретіне

білместікпен шәк келтірген адамның өзіне Жаратқан

иеміз кешірімін берді. Неге? Өйткені оны ондай іске

итермелеген Алланың азабына деген жүрегіндегі зор

қорқынышы еді. Міне, оның осы ниеті үшін Алла тағала

оны рақымына бөлеп, күнәсін кешірді.

Ал намаз оқымағандығын желеу етіп шешесінің

әзірлеген тамағынан бас тарту тіпті өрескел қателік.

Құранның

«Маида»

сүресінің бесінші аятында намаз

оқымақ түгілі мұсылман емес кітап иелерінің тамағын

жеуге де рұқсат етілген. Ал енді Алладан басқа тәңір жоқ

деген, жүрегінде иманы бар, ең жақын адамың анаңның

әзірлеген тамағын тәрк ету – оны еврей мен христиан

құрлы көрмеу деген сөз.

17

Сахихул-Бұхари. 3-том, 1282-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы»,

Бәйрут, 1987 ж. Сахих Мүслим, 4-том, 2110-бет. «Дәру Ихиа`ит-

турасил-араби» баспасы, Бәйрут.