Previous Page  19 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

19

Иә, кешегі құдайсыздықты насихаттаған кеңестік

кезеңнің кесепаты мен егіп қалдырған күпірлік күдігі әлі

де санадан толық кеткен жоқ. Бұған әрине бәрінен бұрын

уақыт, даналықпен жасалған насихат, көркем мінезге

негізделген қарым-қатынас, хикметке толы түсіндіру

жұмыстары қажет.

Рас, кейде білімі саяз әлдекімдердің айтқан дөрекі

уағыздары тыңдаушының құлағына түрпідей тиіп,

жағымсыз әсер етіп жатады. Тыңдаған адамы айтқанына

бас шұлғып мақұлдамаса немесе бірден намаз оқып кет-

песе, оларды

«кәпір»

санап, тозаққа ысырып жататындар-

ды да кездестіріп жүрміз.

Дін түсіндіруде қаталдыққа, дөрекілікке жол беру аса

қауіпті. Бұл тұрғыда Ибраһим пайғамбардың (а.с.) өз әкесі

Әзарды дінге шақырған сәті ойланғанға ғибрат.

«Ибраһим

Әзарға: Уа, әкешім! Неліктен (мұңыңды) естімейтін,

(мұқтаждығыңды) көрмейтін, саған ешқандай пайда

тигізе алмайтын мына пұттарғатабынудасың?Әкешім!

Саған бұйырмаған бір білім маған берілді. Өтінем,

маған ерсең, сені түзу тура жолға бастаймын. Әкешім!

Шайтанға табынба! Өйткені ол Рахманға асылық етіп,

күнә жасауда. Әкешім, саған Рахманның азабы тие ме

деп қорқамын, шайтанның досы болып кетерсің деп

соны уайымдаймын».

Байқасаңыздар, Ибраһим пайғамбар пұтқа табы-

нушы әкесін жалғыз Аллаға ғана құлшылық жасауға

шақырғанда, ең әуелі ерекше мейірімге, жанашыр ни-

етке толы

«Әкешім»

деген сөзімен бастап отыр. Одан

кейінгі аяттарда да дәл осы сөзді жиі пайдаланғанын,

тіпті әрбір сөйлемін осы сөзбен бастағанына куә боламыз.

Алғашқы аятта қолдан жасалған пұттардың адамға еш

пайдасы жоқтығын, сондықтан құлшылыққа лайық емес

екенін түсіндіреді. Яғни ақылға салып, қисынға жүгінуге