Дін мен Діл-2
25
Сондықтан Алла тағала аспанда, аршта, тағы басқа орын-
дарда мекендемейді.
Түптеп келгенде, мекен мен заманның өзі Алла
тағаланың билігіндегі нәрселер. Құранның:
«Көктер мен
жердегі жаратылыс кімнің иелігінде? – деп сұра да,
оларға оның бәрі Алланыкі – де»
20
деген аяты мекеннің
де, оның ішіндегілердің де Алланың иелігінде екендігін
білдіреді.
Алла тағала – мәңгі, ешбір өзгеріске ұшырамайды.
Яғни, Хақ тағала мекен жоқ кезде қалай болса, мекен
жаратылғаннан кейін де өзгеріссіз қала береді. Бұл жайлы
хазіретӘли:
«АллатағалаАрштыөзінемекен үшін емес,
керісінше құдіретін паш ету үшін жаратты», «Алла
тағала мекен жоқ кезде де бар еді. Ол бұрын қалай бол-
са, қазір де дәл солай»
21
деп, Аллаға мекен тән еместігін
әрі Ұлы Жаратушының өзгеріске ұшырамайтындығын
білдірген.
Хужжатул-Ислам Әбу Жәғфар әт-Тахауи өзінің
мәшһүр
«Тахауия ақидасында»
былай дейді:
«Алла тағала
шектеуліктен, тіректер мен ағзалардан, құралдардан
пәк. Оны кейіннен жаратылғандар тәрізді алты жақ
(оң, сол, алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі жақтар)
қамтымайды»
22
.
Әбу Ханифа
«Фиқһул-әбсат»
кітабында:
«Менен
«Алла қайда?» деп сұраса, былай деп жауап беремін:
«Жаратылысты жаратпас бұрын, мекен атаулы жоқ
кезде де Алла бар еді. Алла тағала «қайда?» деген сауал
20
«Әнғам» сүресі, 12-аят.
21
Абдул-Қаһир әл-Бағдади, әл-Фарқу бәйнәл фирақ, 234-бет,
«әл-Мактабатуль асрия» баспасы, Сайда-Бейрут, 2004 ж.
22
Әби Хафсин Сиражиддин Умар ибн Исхақ әл-Ғазнауи әл-Һинди,
Шархул ақидати әл-имамит-Тахауи, 88-бет. «Дәрул-Караз» баспасы,
Каир, 2009 ж.