Previous Page  30 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 200 Next Page
Page Background

30

Дін мен Діл-2

шынымен де бар болсын, жалпы алғанда бұл хадистің

«мұдтараб»

хадис екендігінде дау жоқ. Себебі хадистегі

Алла елшісінің (с.а.у.) күңге қарата қойған

«Алла қайда?»

деген сауалы Абдур-Раззақтың

«Мұсаннафындағы»

са-

хих хадисте

««Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?»

деген сөзбен жеткізілген. Ал Хиббанның сахихында

күңге қатысты сауал «Раббың кім?» деген сөзбен риуа-

ят етілген. Сондай-ақ, күң оқиғасы Ата ибн Иасардан

жеткенриуаяттаАллаелшісініңкүңнен«Аллақайда?

»

деп емес,

«Аспанда кім?»

деп сұрағандығы айтылған

30

.

Жоғарыда да келтіргеніміздей, дәрежесі деңгейлес

хадистердің әртүрлі сөзбен риуаят етілуіне

«мұдтараб»

хадис делінеді. Ал мұдтараб хадисті жеткізушілердің

тізбегі толық болса да, мазмұнындағы аталмыш

«мін»

оның сахих болуына кедергі келтіреді. Сондықтан

«мұдтараб хадистің»

ақида мәселесінде, оның ішіндегі

ислам ғұламаларының бірауыздан

«Алла мекенсіз»

деген

берік ұстанымдарына қайшы көзқарасқа дәйек болуы

былай тұрсын, жалпы мәселелерге де дәлел ретінде жа-

рамайды. Ендеше, осындай бір ғана

«мұдтараб»

хадиске

сүйеніп, мекенсіз Аллаға

«мекен таңу»

дұрыс емес.

Бұған қоса, күң оқиғасына қатысты хадистердің

ішінде Абдур-Раззақтың

«Мұсаннафындағы»

«Алланың

бір екендігіне куәлік етесің бе?»

деген сөзбен жеткізілген

хадисті қуаттайтын басқа да қисынды факторлар бар.

Себебі кісінің иман келтіріп, келтірмегендігін анықтау

үшін оның Алланың бір, Мұхаммедтің елші екендігіне,

өлім мен қайта тірілудің хақтығы һәм жұмақ пен тозақтың

ақиқат екендігіне сеніп, сенбегендігін сұрап білу қажет.

Міне, бұл қисынға келеді. Себебі мұсылмандықты алғаш

қабылдаған адамға айтқызатын алғашқы куәлік сөз

30

Ибн Хажар әл-Асқалани, Талхисул-хабир, 448-бет. «Құртуба» және

«Дарул-Мишкат» баспасы, 1995 ж.