32
Дін мен Діл-2
Керісінше Қағба намаз оқушылардың құбыласы болғаны
тәрізді, аспан да дұға етушілердің құбыласы. Немесе
пайғамбарымыз оның жердегі пұттарға табынушылар-
дан болып, болмағанын білгісі келді. Ол: «Аспанда» деп
жауап бергеннен кейін оның пұтқа табынушы емес, бір
Аллаға сенетіндігін айқындады».
Имам ән-Нәуауи бұл мәселеге қатысты сөзін мәшһүр
ғалымәл-ҚадиЪиадтыңбылайдегенсөзіменжалғастырды:
«Мұсылмандардың фақиһтері, хадис ғалымдары, мейлі
кәлам саласының мамандары болсын, тіпті діни үкімді
басқалардан алатын қарапайым мұқаллидтері болсын бәрі
«Аспандағының сендердің үстеріңе жерді төңкере салу-
ынан қорықпайсыңдар ма?»
деген аяттар секілді мұндай
«Алла аспанда»
делінген сөздердің тура мағынасының
мұрат еместігін бірауыздан айтқан. Мұндай сөздердің
тура мағынасы мұрат болмағандықтан, барлық ғалымдар
бойынша жорамалданған...»
31
.
Мүслимнің хадис жинағына түсіндірме жасаған
ғалым әл-Мазири де жоғарыдағы хадис жайлы былай
дейді:
«Пайғамбарымыз күңнен мұсылман болып,
болмағандығынбілуүшінқандайдабірбелгіанықтағысы
келді. Өйткені кәпірлердің құдайлары саналатын от
пен пұт жерде орналасқан. Әрқайсысы қажетін өз
құдайынан сұрайды. Ал аспан болса, жалғыз Аллаға
сенетіндердің дұға, тілектерінің құбыласы. Міне,
сондықтан оның неге иман келтіретінін анықтағысы
келді. Сөйтіп оның түсінетін тілімен сөйлесті. Со-
сын ол жалғыз Аллаға иман келтірушілердің дұға
жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды ишарат
етті. Құбылаға бет бұру – Алла тағаланың қағбамен
31
Мұхиддин ән-Нәуауи, әл-Минһәәж Шарх сахих Мұслим ибнил-
Хажжаж, 5-6 том, 26-27 бет. «Дарул-мағрифа» баспасы, 2007 ж.