Дін мен Діл-2
27
күңімді бір қойдым. Сосын пайғамбарымыздың жаны-
на келдім. (Болған жайды айтып бердім). Ол маған бұл
істің үлкен күнә екенін айтты. Мен: «Уа, Алланың
елшісі! (күнәма кәффарат ретінде) Күңіме азаттығын
берейін бе?» – дедім. Ол маған: «Күңіңді ертіп келші»,
– деді. Күңді ертіп апарғанымда Пайғамбарымыз оған:
«Алла қайда?» – деп еді, ол: «Аспанда», – деп жауап
берді. Пайғамбарымыз: «Мен кіммін?» – деді. Ол: «Сен
Алланың елшісісің» деп жауап қайырды. Содан кейін
пайғамбарымыз (с.а.у.) маған: «Басына азаттық бер,
күңің мұсылман екен», – деді».
Біріншіден,
қазіргі
қолымыздағы
Мүслим
жинағындағы бұл хадистің соңғы жағындағы
«күң
оқиғасы»,
яғни, Алла елшісінің күңге
«Алла қайда?»
деп
сұрағаны әрі оның «Алла аспанда» жауап берген жері
Мүслим жинағының Бәйһақидағы нұсқасында жоқ. Бұл
жайлы Хафиз әл-Бәйһақи «әл-асма уас-сифат» кітабында
былай дейді:
«Мүслим бұл сахих хадисті әл-Аузағидың
және Хажжаж әс-Сауаффтың Иахия ибн Әби Касир-
ден жеткізген хадисінен «күң оқиғасын» қиып тастап
риуаят еткен. Күң оқиғасын жинағына алмау себебі
«күңге» қатысты мәтіннің хадисті жеткізуші рауи-
лер тарапынан әртүрлі сөздермен келгендігі болса ке-
рек...».
Имам әл-Кәусари Бәйһақидың осы сөзіне байланысты
былай дейді: «Қазіргі қолымыздағы Мүслим жинағына
«күң оқиғасы»
хадисті толықтыру үшін кейіннен қосылған
болуы мүмкін. Немесе Бәйһақидың қолындағы нұсқада
нұқсан болған. Бәйһақидың өзі:
«Мен сүнанның «зиһар»
тарауында Мұғауия ибнул-Хакамның (осы хадисті
жеткізген кісі) риуаятына хадис сөзінде қайшы келетін
басқа риуаяттарды да келтірдім» деп «күң оқиғасына
қатысты) жоғарыдағы хадистің «Мұдтараб» хадис
екендігін ишарат еткен».