Previous Page  24 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 200 Next Page
Page Background

24

Дін мен Діл-2

байланысты ғұламалардың ұстанымдарына дәлелдерімен

тоқтала кетейік.

Араб тілінде

«аспан»

сөзінің негізгі мағынасы

«жоғары»

дегенді білдіреді. Міне, біз

«Алланың

жоғарыда (аспанда)»

екендігін меңзеген аят, хади-

стерден осы мазмұнды түсінуіміз қажет. Яғни, Оның

мәртебесінің жоғарылығын, даңқының асқақтығын. Мы-

салы, біз күнделікті өмірде

«бұл мәселені жоғарыдағы

адамдар шеше алады»

десек, ол адамдардың денелерімен

жоғарыда емес, мәселені шешуге ықпалы бар биік ман-

сап, жоғарғы лауазым иелері екендігін түсінеміз.

Алланы төбеміздегі аспанда деп пайымдау астро-

номия ғылымы тұрғысынан да қате. Себебі жер шары

домалақ болғандықтан, аспан да салыстырмалы түрде

әр жақта болады. Яғни, жердің мына бетіндегі адамның

аспан деп көрсеткен жоғарғы жағы жердің арғы бетіндегі

адам үшін төменгі жақ болып саналады.

Сұрақта келтірілген хадистегі

«Алла қайда?»

деген

сауалдың астарын, қандай мәнде айтылғандығын, тіпті

сол хадистің өзін хадис ғылымы тұрғысынан төменде

кеңінен талқылайтын боламыз.

Бір ескере кететін жайт, Жаратқанның тұрақтайтын

белгілі бір мекенін білу мақсатында

«Алла қайда?»

деп

сұрау шариғатқа қайшы. Бұған байланысты хадистің

майталман білгірі Ибн Хажар Асқалани:

«Рабымызға

тән сырларды ақыл-түйсігіміз түсіне алмайды. Берген

қандай да бір үкіміне «неге? қалай?» деп айтылмайды.

Сондай-ақ оның болмысы «қайда?» деп те сұралмайды»

деген

19

.

Себебі Алла мекен мен заманға тәуелді емес. Алла

тағала мекен де, арш та, уақыт та жоқ кезде бар еді.

19

Рс.354