28
Дін мен Діл-2
Байқағанымыздай, Бәйһақи қолындағы Мүслим
нұсқасында
«күң оқиғасының»
жоқ екендігін айтады.
Сондай-ақ хадистегі күң оқиғасына қатысты мәтіннің
басқа риуаяттарда өзгеше сөздермен жеткізгендігін айту
арқылы хадистің
«мұдтараб хадис»
екендігін меңзеген.
Ал енді «мұдтараб хадис» деген не?
Хадис ілімінде
«жеткізу тізбегінің қуаты деңгейлес
болған хадистің мәтіні әртүрлі сөздермен риуаят етілсе,
ондай хадиске – «мұдтараб хадис»
делінеді.
ИбнХажар Асқалани да
«талхисул-хабир»
кітабының
«кәффарат»
бөлімінде күңоқиғасыныңәртүрлі сөздермен
жеткен риуаяттарын келтіргеннен кейін:
«Жалпы бұл ха-
дис сөздерінің бір-біріне қайшылығы көп»
26
деген. Сондай-
ақ, Имам Хафиз әл-Баззар өзінің
«Мүснадында»
бұл хадис
жайлы:
«Бұл хадиске ұқсасы басқа сөздермен де риуаят
етілген»
деп хадистің мұдтараб хадиске жататындығын
меңзеген.
Рас, Мүслимнің жинағындағы
«күң оқиғасы»
яғни,
Алла елшісінің (с.а.у.) күңнен:
«Алла қайда?» деген сауа-
лы мен күңнің: «Алла аспанда»
деп жауап беру оқиғасы
басқа сахих хадистерде мүлдем бөлек мазмұнда, басқаша
сөздермен жеткізілген.
Мысалы, Хафиз Абдур-Раззақтың
«Мұсаннафында»
келген сахих хадисте күң оқиғасы былай өрбиді:
«Алла
елшісікүңнен:«Алланыңбірекендігінекуәлікетесіңбе?»
деп сұрады. Күң: «Иә» деп жауап қайырды. Алла елшісі:
«Мұхаммедтің Алланың құлы әрі елшісі екендігіне ше?»
деді. Күң: «Иә» деді. Алла елшісі: «Өлімнің және қайта
тірілудің ақиқат екеніне ше?». Күң: «Иә». Алла елшісі:
«Жұмақ пен тозақ отының ақиқаттығына ше?». Күң:
26
Ибн Хажар әл-Асқалани, Талхисул-хабир, 448-бет. «Құртуба» және
«Дарул-Мишкат» баспасы, 1995 ж.