Previous Page  23 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 200 Next Page
Page Background

23

Алла аспанда ма?

Менен бір жігіт «Алла қайда?» деп сұрады. Мен

Алла мекенсіз екенін, сондықтан Алла қайда деп сұрауға

болмайтынын өз білгенімше түсіндірдім. Ол Мүслимдегі

мына хадисті алға тартты. Пайғамбарымыз бір күңнен

«Алла қайда?» деп сұрағанда, ол: «Алла аспанда» деп жа-

уап береді. Сонда Расулалла (с.а.у.): «Бұл шын мұсылман

екен» депті. Сұрайын дегенім, маған дәлел ретінде

келтірген Мүслимдегі хадис қандай хадис? Жалпы Алла

аспанда деп айту дұрыс па?

Өкінішке қарай, бүгінде өздерін салафиміз деп

жүрген кейбір жандар мұндай сұрақ арқылы кісінің

«ақидасының»

дұрыс яки бұрыстығына баға беріп, оны-

мен болашақ қарым-қатынасын анықтауды мақсат етеді.

Тіпті бұл ағымның кейбір өкілдері үйлену мақсатында

танысқан адамға осы сұрақты қойып,

«Алла аспанда»

де-

ген өзі күткен жауабын ести алмаса, онда онымен ары

қарай сөйлеспейді.

«Ақидаң дұрыс емес»

деп теріс айна-

латынын да естіп жатамыз.

Мұндай әрекет – діни білімнің таяздығынан, жан-

жағын бағамдап, жүйелі ойлай алмағандықтан, қайсібір

ағымдардың біржақты оқытқан мәліметтерін елеп-екшеп

жатпай көзсіз қабылдаудан туындайды. Ондай кісілер

өздері оқыған немесе тыңдаған уағыздан өзгеше ойлауды

адасу яки тозаққа түсу деп ұққандықтан, үнемі осындай

ұшқары іс-әрекет пен пікірлердің құрбаны болып жата-

ды.

Жоғарыда сауалда келтірілген Мүслимдегі хадисті

тарқатып түсіндірмес бұрын Алланың мекенсіздігіне