Previous Page  20 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 200 Next Page
Page Background

20

Дін мен Діл-2

шақырады. Кейінгі аяттарды да Ибраһим пайғамбардың

әкесін

«кәпір»

деп кінәлау емес, Алланың азабына душар

боласыңба депқорқамын, ақыретіңді ойлапмазамқашады,

шайтанның қатарынан табыласың ба деп соны уайымдай-

мын деген секілді шынайы жанашырлығын түсінеміз. Ал

енді Ибраһимнің осынша мейірімге толы жанашыр жылы

сөздеріне әкесі не деп жауап қатты? Келесі аятта әкесі

сөзін

«ботақаным»

деп емес,

«Ей, Ибраһим!»

деп қатқыл

бастайды:

«Жоқ әлде, сен менің құдайларымды тәрк

етіп, олардан теріс айналдың ба? Егер сен бұдан бас

тартпасаң, мен саған тас боратамын. Қараңды батыр,

кет!».

Әкесінің осынау ауыр жауабын естігенде, Ибраһим

пайғамбар ашуға ерік беріп, әу бастағы мейірімге толы

сөзінен айнып, биязы мінезінен жаңылып қалған жоқ.

Керісінше

«Саған есендік пен амандық тілеймін. Сен

үшін Раббымнан кешірім сұраймын»

18

деп тағы да жа-

нашыр ниетін аңдатты.

Ибраһим пайғамбардың пұтқа табынған әкесіне

көрсеткен осынау ғибратқа толы іс-әрекеті уағыз-

насихатта біздерге үлгі болуға тиіс.

Ендеше, дінде әрқашан байып сақтап, айналамыздағы

адамдарға көркем мінез, мейірім мен игі істеріміз

арқылы үлгі болуымыз қажет. Айналамызды бір күнде

түзетеміз деп шалалық танытқаннан гөрі насихатымыз-

ды ұзақ мерзімді адамгершілікке толы қарым-қатынасқа

негіздегеніміз жөн. Бүгін теріс айналып, сізден аулақ

жүруге тырысқан адамдар бес жылдан, тіпті, он, жиыр-

ма жылдан кейін сізді іздеуі мүмкін. Сондықтан арадағы

бүгінгі қарым-қатынаста ертең олардың сізге қымсынбай

келетін мүмкіндігін болдырмай тастайтын қатал әрекетке

барудан абай болған жөн. Бүгін

«кәпір»

деп теріс айналған

18

«Мәриям» сүресі, 42-47 аяттар.