Дін мен Діл-2
15
ген Халид ибн Уалидтің де тозақтық емес, жұмақтық бо-
луын қалаған Алла елшісі (с.а.у.) Мекке шаһарына умраға
барғанда
«Халидтай ақылды адамның исламнанжырақ
жүруін түсінбеймін. Халидтағы ақыл оны міндетті
түрде исламға әкеледі»,
- деп оған жүрек жарды сәлем
жолдағаны бар. Алла елшісінің (с.а.у.) өзіне жолдаған
осынау сәлемін естігенде, батыр Халид алып-ұшып,
рақым пайғамбарының құзырына жетеді. Алдында тізе
бүгіп, тілін калимаға келтіріп мұсылман болады.
Ал өзінің тісі сынып, дулығасының темірі мүбәрак
жүзіне қадалып, үсті-басы қан жоса болған әрі мұсылман-
дар қатарынан жетпіс саңлақ сахабаның, оның ішінде
Хақ елшісінің сүйікті немере ағасы Хамза шейіт болған
сол сұрапыл Ұхыт соғысында ше? Ардақты елші (с.а.у.)
өздерін осындай ауыр халге душар еткен мүшріктерге
қарата:
«Уа, Алла Тағалам! Менің мына қауымымды
кешіре көр! Олар менің шынайы пайғамбар екенімді
білмейді»
– деп Жаратқаннан олар үшін кешірім тілеп,
дұға еткені біздерді бір сәт ойландырмай ма? Алла елшісі
(с.а.у.) өзінің әрі күллі мұсылмандардың өмірін қатерге
тіккен мүшріктерді қарғаған жоқ. Өйткені ол адамзатты
жұмаққа жеткізуге келген мейірім пайғамбары еді.
Ардақты пайғамбарымыздың алдына (с.а.у.) Әбу
Бәкірдің қызы Әсма (Алла екеуінен де разы болсын)
келіп:
«Уа, Алланың елшісі, шешем әлі пұтқа табы-
натын жан. Маған келіп тұр. Қалай қарсы алайын?»
деп сұрағанда, Алла елшісі: «Шешеңе қолыңнан келер
бар жақсылығыңды жаса!»
дегенін қалай ғана ұмытуға
болады?! Ал енді пұтқа табынатын шешесіне жақсылық
жасауды бұйырған бұл дін қалайша саған ақ адал сүтін
беріп, мәпелеп өсірген, ғұмыр бойы сенің өміріңді тілеген
ата-анаңа
«кәпір»
деп қарсы шығуға шақыруы мүмкін?