Previous Page  29 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

29

«Иә» деп жауап берді. Біткеннен кейін Алла елшісі

(с.а.у.) : «Қаласаң, бұл күңіңнің басына азаттығын бер

яки өзіңде ұста» деді»

27

.

Оқырманға ұғынықты болу үшін мына жайтты айта

кетейік. Исламда белгілі бір күнәлардың кәффараты

ретінде құлды азат ету талап етіледі. Ал азат етілетін

құлдың иман келтірген мұсылман болуы шарт. Міне,

сондықтан жоғарыдағы хадисте азат етілетін күңнің

мұсылман екендігіне көз жеткізу үшін Алла елшісі

жоғарыдағы сауалдарды сұраған.

Жоғарыдағы хадиске қосымша, Ибн Хиббан

«Са-

хихында» және Ахмадтың «Мүснадында»,

Әбу Дәуітте,

ән-Насаиде Шарид ибн Суайд әс-Сақафиден күңді азату

етуге қатысты мынандай хадис риуаят етілген. Ол айтты:

«Мен «Уа, Алланың елшісі! Шешем өз атынан маған бір

құлды азат етуімді өсиет еткен еді. Менде бір қара күң

бар», – дедім. Алла елшісі маған: «Оны шақыр», – деді.

Ол келгеннен кейін Алла елшісі (с.а.у.): «Раббың кім?» –

деп сұрақ қойды. Күң: «Алла», – деді. Алла елшісі (с.а.у.):

«Мен кіммін?» – деді. Күң: «Сен Алланың елшісісің»,

– деп жауап берді. Алла елшісі маған қарата: «Басына

азаттық бер. Өйткені ол мұсылман»

28

,

– деді.

Дәл осы хадис әд-Даримида Алла елшісінің күңге

қарата:

«Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?»

деген

сөзімен де

«хасан»

дәрежеде риуаят етілген

29

.

Байқағанымыздай, «

күң оқиғасы»

Бәйһақи айтқандай

Мүслимнің әу бастағы нұсқасында жоқ болсын, яки

27

Әбу Бәкір Абдур-Раззақ ибн Һүмам әс-Санъани, Мусаннафу Абдир-

Раззақ, 9-том, 175-бет. «әл-Мәктабул-ислами» баспасы, Бәйрут,

Һижри 1403 ж.

28

Мұхаммед ибн Хиббан ибн Мұхаммед, Сахих ибн Хиббан, 1-том,

418 - бет. «Мүуссатур-рисала» баспасы, Бәйрут, 1992 ж.

29

Хасан ибн Али ас-Саққаф, Мажмуъ Расайлис-саққаф, 1-том, 353-

бет. «Дарур-Рази» баспасы.