Дін мен Діл-2
33
шектеулі екенін көрсетпейтіні секілді, Аллаға иман
келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын
жаятын аспанды меңзеу де Оның белгілі бір жақта әрі
аспанмен шектеулі екенін де білдірмейді»
32
.
Түйін
Байқағанымыздай, кейбір көрнекті ислам ғұламалары
Мүслимдегі
«Алла аспанда»
деген хадисті
«мұдтараб»
хадис қатарына жатқызған.
«Мұдтараб»
хадиске
сүйеніп, үкім шығарылмайтындығы белгілі. Ал хадиске
«мұдтараб»
таңбасын баспаған басқа ғұламалар тегіс
«Алла аспанда»
деген сөзді, жоғарыда имам ән-Нәуауидің
түсіндірмесінде көрсетілгендей, Алланың мекенсіздігін
негізге ала отырып, ол сөзден нендей мағына мақсат
етілгенін Аллаға тапсырып, үнсіз қалу жолын таңдаған
яки Алланың ұлықтығына лайық басқа мағынада жора-
мал жасаған. Ендеше, ғұламалар салған сара жолдан ада-
сып, хадистегі бір ғана сөзді негізге алып үмбет арасына
іріткі салып жүрген бауырларымызға Алла көкіректеріне
ақиқат нұрын құйсын деп қана тілейміз.
32
Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи уәл-
мәзаһибил-исламия, 403-бет. «Дәрус-салам» баспасы, Египет,
2007 ж.