Дін мен Діл-2
9
Міне, намаз осындай маңызды ғибадат. Ал сұрақтағы
намаз оқымайтын адамның үкіміне келер болсақ, мұны
екіге бөліп қарау керек. Кімде-кім намаздың парыздығын
біле тұра мойындамаса, діннен шығады. Өйткені намаз
айқын аят, хадис және ижмағ дәлелдерімен анықталған.
Ал жалқаулық, немқұрайлылық себебімен намазды тас-
таған жан күнәһар болады. Бірақ кәпір емес.
Намаз оқымау – дүние мен ақырет азабына се-
беп. Ақыреттегі азап туралы Құранда былай айтылады:
«Олар жәннатта тұрып күнәһарлардан: «Сақар жа-
һаннамына түсулеріңе нендей себеп болды?» – деп
сұрайды. Сонда олар: «Біз намаз оқымайтын едік», –
деп жауап қатады»
9
.
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Әдейі намазды
тастаған адамға Алла пен пайғамбардың көмегі бол-
майды»
10
, – дейді. «Кімде-кім жұма намазына немқұ-
райлы қарап, оны үш рет тәрк етсе, Алла тағала оның
жүрегіне мөр басады»
11
.
Имам Ағзам мәзһабы бойынша, жалқаулық жасап,
на-мазды тастаған адам намаздың парыздығын теріске
шығармайынша, діннен шықпайды. Бірақ күнәкар бола-
ды
12
.
Жоғарыдағы
«Кісі мен ширктің, күпірліктің
арасындағы перде – намаз»
13
– деген хадисті тура
мағынасында
«намаз оқымаған адам кәпір»
деп түсінуге
болмайды. Кей ғалымдар хадистегі күпірлікті
«намазды
жалқауланып оқымаған адам емес, оның парыздығына
иман келтірмеген адамға тиісті»
деп жорамалдаған.
9
«Мүддәссир» сүресі, 74/40-43.
10
Бұхари, Мауақит, 15, 34; Насаи, Салат, 15.
11
Насаи, Жұма, 2; Тирмизи, Жұма, 7; Ибн Мажә, Иқама, 93.
12
Ибн Абидин, I. 32.
13
Сахих Мүслим, 1-том, 88-бет. «Дәру Ихиа`ит-турасил-араби»
баспасы, Бәйрут.