Previous Page  8 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 200 Next Page
Page Background

8

Дін мен Діл-2

Сонымен қатар күллі Ислам ғалымдарының арасын-

да бір күнде бес уақыт намаздың парыздығы жайлы ауыз-

бірлік бар.

Бес уақыт намазды толық оқып, үлкен күнә жасама-

ған адамның кіші күнәлары кешірілетіні жайлы аяттар

мен хадистер бар. Алла Тағала қасиетті Құранда былай

дейді:

«(Ей, Мұхаммед!) Саған уахи етілген кітапты

оқып, намазды орында. Күдіксіз, намаз арсыздық пен

жамандықтан тыяды»

6

.

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларға:

«Сен-

дердің араларыңнан бір адамның есігі алдында өзен

ағып жатса, ол сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол

адамда кір қала ма?»

– деп сұрағанда, сахабалар:

«Жоқ,

қалмайды», – деп жауап қайырады. Сонда Алла елшісі

(с.а.у.): «Судың кірді тазалайтынындай бес уақыт на-

маз да күнәларды тазалайды»,

– деп түсіндіреді

7

.

Ақыретте адам баласы есепке тартылғанда, ең алды-

мен намазы сұралады. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бы-

лай дейді:

«Адамдардың қиямет күнінде алғаш есепке

тартылатын амалы мен іс-әрекеті – намаз».

Ұлы Раб-

бымыз хабардар бола тұра періштелеріне былай дейді:

«Құлымның парыз намазына қараңдар. Оны толық

орындап па, кемістігі бар ма?» Егер оның парыз намаз-

дары толық болса, намаз сауабы толықтай жазылады.

Егер парыз намаздарында нұқсандық болса, Алла таға-

ла былай дейді: «Құлым нәпіл (сүннет) намаздарын

толық оқыған ба екен?» Егер ол сүннет намаздарын

толық оқыған болса, Аллаһ тағала «Құлымның нұқсан

парыз намаздарын нәпілдермен толтырыңдар», – дейді.

Одан кейін парыз болған басқа амалдар да осылайша

есепке тартылады»

8

.

6

«Анкабут» сүресі, 29/45.

7

Бұхари, Мәуақит, 6; Мүслим, Мәсажид, 283; Тирмизи, Әбад, 80, 90;

Насаи, Салат, 7.

8

Тирмизи, Салат; 118.