48
Дін мен Діл-2
Ал енді тақырыпқа оралар болсақ, біріншіден,
олардың дәлел ретінде келтіріп отырған
«Алла елшісі
(с.а.у.) намазда қолын көкірегінің үстіне қойды»
деген
мәндегі хадистері сахих емес. Хадистің толық тізбегі мен
мәтіні мынандай:
عن وائل بن حجر قال : « صليت مع رسول الله صلى الله عليه وسلم
، ووضع يده اليمنى على يده اليسرى على صدره »
«Муаууал ибн Исмағил Суфияннан, ал ол Асым ибн
Кулаибтан, ал ол әкесінен, ал ол Уайл ибн Хужрдан ри-
уаят етті. Ол былай деді: «Алла елшісімен (с.а.у.) бірге
намаз оқыдым. Ол оң қолын сол қолына, оны көкірегінің
үстіне қойды»
64
.
Бұл хадис Хузайманың сахихында келген. Хадисті
риуаят етушілердің бірі Муаууал ибн Исмағил жайлы
Ибн Хажар өзінің
«әт-Таһзиб»
атты кітабында имам әл-
Бұхаридың:
«Мүнкарул-хадис»
яғни,хадисіқабылданбайды
дегенін келтірген. Ал хадистің майталман шебері имам әз-
Заһаби:
«Ол сүннетке берік, аса шыншыл. Алайда (хадис
риуаят еткен кезде) көп қателеседі»
десе, Ибн Сағд:
«Ол
сенімді (өтірік айтпайды). Бірақ көп қателеседі»
деп
бағалаған. Ал әд-Даруқутни болса:
«Сенімді. Бірақ жат-
тау қабілеті нашар»
деген. Сондай-ақ Ибн әт-Түркмани,
Әбу Хатим, Әбу Зарға секілді хадис білгірлері де Муауу-
ал ибн Исмағилдің көп қателесетіндігін айтқан.
Байқағанымыздай,
«Алла елшісімен бірге намаз
оқыдым. Ол (с.а.у.) оң қолын сол қолына, оны көкірегінің
үстіне қойды», -
деген хадис сахих емес. Өйткені хадисті
бізге жеткізген Муаууал ибн Исмағил көп қателесетін
әрі жады нашар болғандықтан ондай адамның риуаяты
негізге алынбайды.
64
Мұхаммед ибн Исхақ ибн Хузайма, Сахиху ибн Хузайма 1-том, 243-
бет. «әл-Мактабул-ислами» баспасы, Бәйрут, 1970 ж.