Previous Page  50 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 200 Next Page
Page Background

50

Дін мен Діл-2

Абдил-Жаббар жайлы имам әз-Заһаби:

«Оның есімі де,

қандай адам екендігі де белгісіз»

десе, әт-Туркумани:

«Ләһул-Манакир»

яғни, оның қабылданбайтын хадистері

бар деген.

Насруддин Албани

«Пайғамбар намазының сипаты»

атты кітабында Муәууал ибн Исмағилдің осы риуаятын

келтіргеннен кейін бұл мағынадағы риуаяттардың бірін

Тирмизи

«хасан деген»

дейді. Алайда Тирмизидің хасан

деп бағалаған хадисінде

«қолын көкірегіне ұстады»

де-

ген сөз жоқ. Тирмизидегі риуаят былай келген:

«Алла

елшісі бізге имам болушы еді. Оң қолын сол қолына

қоятын».

Керісінше Имам Тирмизи:

«Кейбір ғалымдар

кіндіктің үстіне қояды десе, енді біреулері кіндіктің

астына қояды деген. Мұның бәрі олардың көзқарасында

бола береді»

деген

66

.

Екіншіден, төрт мәзһабтың ешбірінде намазда екі

қол көкіректің дәл үстіне қойылады делінген нақты пәтуа

жоқ. Ханафи мәзһабында намазда екі қол кіндіктің астына

байланады. Ал мәлики мәзһабында имам Мәликтан бұл

мәселеге байланысты үш түрлі көзқарас риуаят етілген.

Басымырақ көзқарас бойынша парыз намаздарда екі қол

екі жаққа бос жіберіледі де, нәпіл намазда көкірек пен

кіндіктің ортасына байлауға рұқсат етіледі. Шафиғи

мәзһабында көкіректің астына байланады

67

. Ал ханбали

мәзһабында екі қол кіндіктің астына, кіндіктің дәл үстіне

және кіндіктің жоғарғы жағына қойылады деген үш түрлі

пәтуа бар.

Ханафи ғалымдары намазда екі қолдың кіндіктің

астына байланатындығына байланысты мына хадистерді

дәлел ретінде келтірген:

66

Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмизи, 2-том,

32-бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.

67

Имам ән-Нәуауи, 3-том, 257-бет. «Дарул-фикр» баспасы, Бәйрут,

1997 ж.