

Дін мен Діл-2
49
Муәууал ибн Исмағилдің риуаятының негізгі
мәтіні мазмұны Мүслимнің
«Сахихында»,
Насаидің
«Сүнанында»,
Ахмадтың
«Мүснадында»,
Тирмизиде,
Ибн Мәжада, әд-Даруқутнида және әл-Байһақида да бар.
Бірақ олардың ешқайсысында
«қолын көкірегінің үстіне
ұстады»
делінбеген. Тек оң қолын сол қолының үстіне
қойды» деумен шектелген. Бұл жайлы Хафиз ибн Ха-
жар
«әд-Дирая фи тахрижи ахадисил-һидаяда»: «...Алла
елшісімен бірге намаз оқыдым. Ол оң қолын сол қолына
әкеліп, көкірегінің үстіне қойды» деген хадис Ибн Хузай-
мада келген. Бірақ Мүслимде бұл хадистің «көкірегінің
үстіне қойды» деген жері жоқ»
-деген
65
.
Ендеше, Муәууал ибн Исмағилдің риуаятындағы
«қолын көкірегінің үстіне қойды»
деген жері
«зияда»
яғни,
«артық».
Жоғарыда хадис білгірлері Муәууал ибн
Исмағилдің жадының нашар, көп қателесетіндігін айтқан
болатын. Олай болса, бұл жерде Муәууал ибн Исмағил
«қолын көкірегіне қойды»
деген сөзді негізгі хадис
мәтініне шатасып қосып отыр деуге әбден негіз бар. Хадис
ілімінде белгілі бір риуаят өзінен де жоғары дәрежедегі
риуаяттарға қайшы келсе, ондай хадис
«шәәзз»
деп ата-
лады. Ал хадистің сахих болуы үшін
«шәәзз»
болмауы
шарт.
Сондай-ақ,
«Алла елшісі намазда қолын кеудесінің
үстіне қойды»
дегенге саятынриуаяттарӘбуДәуіттежәне
Бәйқаһида да келген. Бірақ екеуі де әлсіз. Әбу Дәуіттегі
хадис
«Мүрсәл».
Яғни, тізбегі Алла елшісіне (с.а.у.)
жетпегендіктен толық емес. Сондай-ақ риуаят етушілердің
ішіндегі Сулайман ибн Мұса туралы хадис білгірлері
«өлер алдында көп шатастыратын еді»
делінген. Ал
Бәйһақидағы риуаятты жеткізушілердің бірі Сағид ибн
65
Ахмед ибн Али ибн Хажар Асқалани, әд-Дирая фи тахрижи
ахадисил-һидая, 1-том, 128-бет. «Дарул-мағрифа» баспасы, Бәйрут.