92
Дін мен Діл-2
Табиғин Ата ибн Әби Рабах
133
:
«Әйел кісі қиямда
тұрғанда қолданкелгенше екі қолынжинақыұстайды»,
– деген
134
.
Әйелдер рукуғқа барғанда саусақтарының арасын
ашпастан тізесіне қояды, арқасы мен тізесін сәл бүгеді. Ал
сәждеге барғанда білектерін жерге қойып, шынтақтарын
қабырғасына жақын ұстайды, ішін санына тигізеді
135
. Бұл
жайында Әбу Шәйба өзінің
«Мұсаннаф»
атты еңбегінде
хазіреті Әлидің (р.а.) мына сөзін жеткізеді:
عَنِ الْحَارِثِ ، عَنْ عَلِيٍّ ، قَالَ : « إِذَا سَجَدَتِ الْمَرْأَةُ فَلْتَحْتَفِزْ وَلْتَضُمّ
فَخِذَيْهَا «. رواه ابن أبي شيبة
«Әйел баласы сәждеге барғанда, (екі сәжде арасы
отырғанда) екі жамбасына отырсын және (сәждеге
барғанда) екі санын бір-біріне жабыстырсын»
Табиғин Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәъидің
136
былай
дегенін риуаят етеді:
عن إبراهيم قال إذا سَجَدَت المَرأَةُ فَلتَزِق بَطنَها بِفَخِذَيها وَ لا تَرفَعُ
عَجيزَتَها وَلا تُجَافي كما يُجَافي الرَجُلُ». رواه ابن شيبة
«Әйел кісі сәжде жасайтын болса, екі санына ішін
жабыстырсын, бөксесін көтермесін және ер кісілер
сияқты (екі шынтағын)ашпасын»
137
.
133
Бұл кісі хазірет Айша, Әбу Хұрайра, Абдулла ибн Аббас сынды
көптеген сахабалардан хадис риуаят еткен кісі. Меккенің ғалымы.
134
Ибн Әби Шәйбә, Мұсаннаф.
135
Бадайғ – 1/62 бет.; Бадруддин Айни, әль-Биная – 2/249 бет.
136
Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәғи, Ирак өңірінің ғұламасы, фиқһшысы
әрі хадисте «сиқа/сенімді», оның риуаят еткен хадистерін Нәсәи,
Әбу Дәуіт, Дарақутни сыңды ғұламалар өз хадис жинақтарына
алған, кішкене күнінде Айша анамызға келіп, оны көрген кісі.
137
Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, Әйелдің сәжде жасау бабы – 1/242
бет, 2782