Дін мен Діл-2
93
Тағы бір сөзінде Ибраһим:
عن إبراهيم قال إذا سجدت المرأة فلتضم فخذيها و لتضع بطنها
عليهما. رواه ابن شيبة
«Әйел кісі сәжде жасағанда, екі санын бір-біріне
жабыстырсын және ішін екі санына қойсын..»
138
де-
ген.
Байхақидың
«әс-Сүнәнүл-кубра»
атты
хадис
жинағындағы риуаятта Ибраһим ән-Нәхаъи былай дейді:
كانت المرأةُ تُؤمُرُ إذا سَجَدَت أن تُلزِقَ بَطنَها بِفَخِذَيها كَيلا تَرتَفِعَ
عُجْزَتها ولا تُجَافي كَمَا يُجَافي الرُجُلُ. رواه البيهقي
«Әйелдерге сәжде жасағанда ішін екі санына жа-
быстырсын деп әмір етілді. Бұл сәжде жасағанда оның
бөксесі көтерілмесін деген мақсатта айтылған. Ер
кісілер сияқты екі шынтағын сәждеде ашпасын (деп
те бұйырылды)»
139
.
Тәшәһһуд отырысында әйел кісі екі аяғын бүгіп, оң
жағына қисайтады. Яғни, сол жақ аяғын оң жақ санының
астына өткізіп, бір жақ жамбасына отырады
140
. Мұндай
отырыс әйел табиғатына сай әрі жинақы көрінеді. Мұны
«тәуәррүк отырысы» дейміз. Бұған төмендегі хадис
дәлел:
Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят еткен бір хадисте
ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.):
عن عبد الله بن عمر قال: قال رسول الله (صلى الله عليه و سلم): «إذا
جلست المرأة في الصلاة وضعت فخذها على فخذها الأخرى و إذا
138
Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, Әйелдің сәжде жасау бабы – 1/242
бет, 2779
139
Байхақи әс-Сүнәнүл-күбра – 2/314 бет.
140
А.М.Таһмаз: әль фиқһуль ханафи фи саубиһиль жәдид, 1- том,
226 бет.