150
Дін мен Діл-2
некелесе ме? Әрине, бұл тұста ақылға да, ар-ожданға да
қонымдысы екінші таңдау екені сөзсіз. Осы жерде бірінші
әйелімен де ажыраспасын, екінші әйел де алмай жүре
берсін деген ой туындауы мүмкін. Алайда, бұған барлық
азамат көне алмайды ғой. Әр адамның өзінше бір әлем
екені де ақиқат. Өмірде өз белінен перзент сүю сияқты
арманы бар адам мақсатына жетпей байыз таппасы және
белгілі. Тіпті, екі-үш бала емес, ұрпағының көп болғанын
қатты қалайтын еркектер де кездеседі.
Сондай-ақ адам баласы өмірде әр түрлі жағдайға
тап болады. Мысалы, әйелі айықпас дертке шалдығып,
күйеуіне дұрыс қарай алмайтындай жағдайға душар бол-
са, ер азаматтың өзіне тағы бір серік таңдағаны абзал емес
пе?
Жоғарыда айтылған жағдайлар болмаған күннің
өзінде де көп әйел алуға ислам діні рұқсат етеді. Олай
дейтініміз, бірінші әйелін жақсы көрумен қатар көңілі
басқа әйелге де бұрып тұратын адамдардың да кездесері
сөзсіз. Себебі, барлық адамның табиғаты, жаратылысы
бірдей емес. Кейбір азаматтардың жыныстық қабілеті
мен құмарлығы артықтау келеді. Бұған қоса, бірінші
әйелі көңілінен шықпай қалуы да әбден мүмкін. Көп әйел
алуға тыйым салған жағдайда мұндай күйдегі адамдар
әйтеуір бір жолын тауып алғашқы жұбайымен ажырасып
тынуы немесе жасырын көңілдес тауып, шариғат тыйған
зина сияқты харам істерге баруы бек мүмкін. Сөйтіп,
Жаратушының алдында – күнәһар, ал бала-шағасының ал-
дында – екіжүзді болады.
«Біреу біліп қоя ма?»
деген күдік-
ті ойдан құтыла алмағандықтан, психологиялық тұрғыдан
мазасыз болады. Ол ол ма, көңілдес әйелдерді тек өткінші
төсек ләззаты үшін ғана пайдаланғандықтан, олардың да
абыройы айрандай төгіліп, әркімнің қол жаулығына айна-
лары белгілі. Екі ортада тірі жетім қорғансыз сәбилер мен